Абай ауданы аумағындағы жұмыстар таңғы 6-дан басталып, аяқжолдар мен ирригациялық жүйелер қоқыстан тазартылды. Оған 96 жұмысшы, 59 арнайы техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, Әл-Фараби ауданында да ауқымды тазалық жұмыстары атқарылды.
Ал Еңбекші ауданында көпқабатты үйлердің ауласы мен ішкі орам көше бойларындағы жасыл аймақ, жаяу жүргіншілер жолы қоқыстан тазартылды.
Жалпы аудандағы 27 көше, 3400 метр аяқжол мен 17,4 шақырым ирригация және арық жүйелері тазаланды. Жұмысқа барлығы 22 техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, Қаратау ауданы аумағында да аулаларды абаттандыру, қоқыстан тазарту жұмыстары – күн тәртібіндегі мәселе.
Асар шағынауданы мен Бозарық саяжайы, Бозарық тұрғын алабы мен Тұран, Қайтпас, Нұртас шағынаудандарында айналаны тазалау және күл-қоқыстарды жинау жұмыстары атқарылды. Тазалық жұмыстарына жалпы 80 жұмысшы, 12 техника жұмылдырылды.
Сондықтан, аудан әкімдіктері тұрғындар мен кәсіпкерлерді өздері тұратын аумақтың тазалығы мен абаттандыру жұмыстарына тұрақты қатысуға шақырады. Өйткені өзіміз тұратын ортаны таза ұстау – әр азаматтың міндеті!