– Дін өкілдерінің арасындағы спорт сайыстары жылда ұйымдастырылып тұрады. Биылғы ерекшелік – Шымкенттегі жарыстар бір ай бойғы спартиакиада түрінде өтті. Келесі жылы да осы дәстүрді жалғастыру жоспарымызда бар, – деді Шымкент қаласының дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бақыт Алиякпаров.
Салтанатты жиында спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталып, алғыс хаттар мен дипломдар, бағалы сыйлықтар табысталды. Атап айтқанда, шахматта сайысында 1-орынды Камра Вапаев алса, 2-орын – Бақытжан Қарсыбаев, ал 3-орын – Игорь
Лативскийге бұйырды.
Үстел теннисі: 1-орын – Заманай
Саматов, 2-орын – Сергей Есауов, 3-орын – Ербол Әуелбеков.
Шағын футбол: 1-орын – «Ақмешіт»
командасы, 2-орын – «Әл-Фараби» командасы, 3-орын – «Дружба» командасы.
Айта кетейік, дін өкілдері арасындағы спартакиада Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен 18 қазан – Рухани келісім күніне орайластырып өткізілді. Мұндағы мақсат – тұрғындар арасындағы татулық пен келісімді нығайту, бұқаралық спортты насихаттау, салауатты өмір салтын рәсімдеу.