Іс-шара барысында бір жыл ішінде қызметін үздік атқарған 400-ден астам сарбазға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Әміреев Талапкер Қыдырұлының атынан «Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін» төс белгісі, «Үздік сарбаздардың ата-анасына алғыс хаттары», 6506 әскери бөлім командирі полковник Қабылбеков Бауыржан Оңғарбайұлының атынан грамоталар табысталды.
Мінсіз қызметімен ерекше көзге түскен сарбаздардың аналары үшін Ардагерлер кеңесі әзірлеген «Отан қорғаушының анасы» атты төс белгі
берілді.
6506 әскери бөлімінің баспасөз қызметі