– Біз қашанда «үлкенге құрмет, кішіге ізет» көрсеткен халықпыз. Елдігіміздің ұйытқысы болған аға буын өкілдерінің орны айрықша. Осында отырған әрқайсыңыз құрметке лайықсыздар, қаламыздың өркендеуіне қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін. Қаламыз жылдан жылға көркейіп, еліміздегі ірі мегаполиске айналды. Ендігі жерде қаламызды одан әрі дамытып, тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасау ол біздің міндет. Алға қойған жоспарлы межені орындап, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыра береміз», - деді М.Дүйсенбекұлы.
–Биылғы жыл Тәуелсіздігіміздің тарихында алғаш рет қасіретті оқиғамен басталды. Пандемия алқыннан алып жатқан шақта елге өте ауыр болды. Бүкіл әлем алдында тәуелсіздігіміз бен елдігіміз сынға түсті. Дегенмен ел болып дер кезінде Мемлекет басшысының жанына ұйыса білдік. Ендігі уақытта мұндай қасіретті оқиға болмасын деген тілегін жеткізді ардагерлер.
Жиынға келген әр ауданның ардагер тұрғындары өскелең ұрпаққа мұра етіп қалдырар тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолында бірлесе жұмыс жасауға әрқашан дайын екендіктерін атап өтті. Қариялар қиын түйіндерді тарқтудың жолын айтып, пікірлерімен бөлісті.