Версия для печати

ЖАСТАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ Избранное

Среда, 02 Февраль 2022 03:12 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1261 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы жастар арасында байқау жариялайды. Бұл туралы басқарма басшысы Балмаржан Нарбекова ақпараттық-коммуникация орталығында өткен брифингте мәлімдеді.

158

 

Байқау «Жастар практикасы – жұмыс табудың мүмкіндігі» деп аталады. Әуесқой фото-видеолардың TikTok челленджі «Жастар практикасы» мен «Алғашқы жұмыс орны» тақырыптарына арналмақ.
– Мұндағы мақсатымыз – жұмыссыздықтың алдын алуға ерекше назар аудару. Жоғары оқу орындары, колледж түлектерін тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігін жоғарылату, «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны мемлекеттік бағдарламаларына қатысуға және жастарды оқыту, кәсіптік бағдарлау және жұмысқа орналастыру мәселелеріне көбірек көңіл бөлу. Осылайша әлеуметтік осал топтағы жастарға қолдау көрсетіп, жастар арасында кенінен танымал TikTok және Instagram мемлекеттік бағдарламасын насихаттауды көздеп отырмыз, – дейді Балмаржан Полатқызы.
Байқауға жоғары және орта арнаулы оқу орындарының түлектері мен 29 жасқа дейінгі жұмыссыз қала тұрғындары қатыса алады. Олар қысқаша видео, фото, пост және т.б әзірлеп, инстаграм желісі арқылы жариялауы тиіс. Постта @zhumispen.kamtu және shymqala_zhastary парақшалары тегтеліп, #zhastarpractice, #zhastarpraktikasy хэштегтері пайдалануы міндетті.
Байқау 2022 жылғы 1 ақпан күні сағат 11:00-ден бастап 15 ақпан күні 13:00-ге дейін жалғасады. 16 ақпан күні сағат 15:00-де байқау қорытындысы шығып, жеңімпаз @zhumispen.kamtu парақшасы арқылы анықталып, жарияланады. Жеңімпаздарға шипажайға екі адамдық жолдама, сымсыз құлаққап және смарт-сағат сынды бағалы сыйлықтар табысталады деп күтілуде.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.