Версия для печати

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСУДА Избранное

Пятница, 08 Апрель 2022 03:21 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 868 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Amanat партиясының қалалық филиалында ұйымдастырылған қоғамдық қабылдауға келген тұрғындар отбасы жағдайларын баяндап, тұрғын үй мәселелері мен әлеуметтік көмек, жұмысқа орналастыруға қатысты өтініштерін жеткізді.

134

 

Мысалы, тігінші мамандығын меңгерген Маржан Абуова жұмыспен қамту туралы өтінішімен келген. Болашақта өз кәсібін ашқысы келеді. Қала әкімінің орынбасары тиісті сала мамандарына тігін шеберін жұмыспен қамтып, мемлекеттік бағдарлама аясында жеке кәсібін ашуға бағыт-бағдар беруді тапсырды.
Азаматтардың өтiнiштерiн мұқият тыңдаған Ерғали Білісбеков мәселелердiң оңтайлы шешiмiн табуы үшiн заңға сәйкес жұмыстар жүргізіліп, өтініштердің ескерілетінін жеткізді. Қоғамдық қабылдау барысында тұрғындардың өтініштері бойынша жауапты мамандарға телефонмен хабарласып, бірқатар тапсырма жүктеді.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.