Тұрғын алап электр жарығы, ауыз су толық қамтылған. Табиғи газбен 90 пайыз қамтамасыз етілген. Саяжай көшесі аумағындағы үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету 2023-2024 жылдарға жоспарланған.
13 көшенің тоғызы асфальт жол, төртеуі тас жол. 2021 жылы 2 көшеге (Шатемір, Шырынбек ата) асфальт төселсе, биыл 1 көшеге, келесі жылы 3 көшеге (Байзақов, Наурызбай батыр, 2,3 көшелер) асфальт төсеу жоспарға енгізілген. Қазіргі таңда үш көшеге жарықшамдар қойылған. 2023 жылы Байзақов, Саяжай көшелері жарықтандырылады. Сапалы интернетпен қамту мақсатында оптика желісін енгізу 2024 жылға жоспарланған. Тұрғын алапқа бүгінде №148 бағыттағы 8 қоғамдық көлік қатынайды.