Жоба құны – құны 3,4 млрд теңге. Инвестициялық жобаны іске асыру үшін «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жер беріліп, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында «Даму» қоры арқылы субсидияланған. Жаңадан ашылған зауытта 150 адам жұмыспен қамтылды. Заманауи технологиялармен жабдықталған өндіріс орнында жылына 600 мың дана қорғаныш киімінің 17 түрі, 500 мың дана медициналық киім, 20 миллион дана бетперде мен респиратор, 1 миллион дана медициналық көзілдірік шығарылады.
Бүгінгі таңда «Тассай» индустриалды аймағында жалпы инвестиция көлемі шамамен 45 млрд теңге құрайтын 37 жоба жүзеге асырылып жатыр.