2021 жылы 21 көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыру, 12 спорт алаңшаларын ағымдағы жөндеу, 35 спорт алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізілді. «Шымкент қайырымды қала» қоры арқылы демеушілік есебінен 4 спорт алаңшасы орнатылды.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов бүгін Абай ауданын аралау барысында атқарылған жұмыстарды көріп, жоспарлы құрылыс жұмыстарының барысын бақылады.
Биыл аудандағы №34 көпқабатты үй ауласында балалар ойын алаңшасы салынуда. Алаңша құрылысы аяқталуға жақын. Мердігер мекеме нысанды 1 ай көлемінде ел игілігіне тапсыратынын мәлімдеді.