Осы аптада қала әкімі аудан тұрғындарымен кездесіп, атқарылған жұмыстарды қоғамдық бақылау кеңесінің мүшелерімен бірге талқылады. Шешімін тапқан мәселелердің бірқатарына тоқталар болсақ ;
- Ынтымақ-2 шағын ауданын сапалы табиғи газбен қамту мақсатында ЖСҚ әзірленуде. Құрылыс жұмыстары келер жылға жоспарланған.
- Есенов көшесінің жарықтандырылмаған 1,2 кшақырым бөлігінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде, қыркүйек айында аяқталады
- Есенов көшесіндегі тозығы жеткен 300 метр аяқ жол салуға қаржы қаралды. Бүгінде мердігер мекеме тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде, қыркүйек айында аяқталады.
- Ынтымақ-2 шағын ауданындағы 5 топырақ жолға шағал тас төселеді. Мердігер мекеме тарапынан жұмыстар жүргізілуде. Қыркүйек айына дейін пайдалануға беріледі.
- №55 қоғамдық көліктің бағытын кеңейту жұмыстары тамыз айының соңына дейін атқарылатын болады.
- «Жаңаталап» тұрғын алабындағы Айбар көшесінің жалғасы (0,5 км) ағымдағы жөндеу жұмыстары есебінен асфальтталады. Жұмыстар 2022 жылдың қазан айында аяқталады.
- «Самал-3» шағынауданында кәріз жүйелерінің құрылыс жұмыстары 75 пайызға аяқталды. Жыл соңында 4300-ге жуық үй кәріз жүйесіне қосылады.
Қала әкімі Абай ауданы белсенді тұрғындарымен кездесуде қала аумағына енген елдімекендердің инфрақұрылымдық жағдайы күн тәртібінен түспейтінін, мәселенің орындалуы тұрақты бақылауда екенін жеткізді.