БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ЖҮЙРІКТЕР Избранное

Пятница, 03 Май 2024 05:06 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 1038 раз

Шымкентте А.Асқаров атындағы дендробақта 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «БІРЛІК» жүгіру марафоны өтті. Марафонға қала тұрғындарымен қатар, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы, дене шынықтыру және спорт басқармасы, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Ассамблея жастары мен қаланың ең белсенді жастары қатысты.

Sroptt

 

Ұйымдастырушылар жарыстың мақсаты қаламыздағы барлық этностарды, қала тұрғындарын бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтының төңірегіне топтастыру екенін атап өтті.
– Біздің күшіміз – бірлікте! Қашан да татулық пен ынтымақты ту еткен еліміз үшін өзге ұлт өкілдерімен достық қарым-қатынаста өмір сүру маңызды. Еліміздегі болып жатқан өткінші қиыншылықты да бірге еңсереміз. Қиын-қыстау кезеңде қол ұшын, көмегін аямаған этномәдени бірлестіктердің мүшелеріне барша халық атынан алғыс айтамын. Бүгінгі жаппай жүгіру күнделікті әдетке айналуы керек. Қала халқын дене шынықтырумен айналысуға шақырамын, – деді өз сөзінде Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Бақтияр Өнербаев.
Марафонға қатысушылар
5 шақырым қашықтықты оңай әрі жеңіл еңсеріп келді. Көбі 15-20 минутта мәреге жетті. Алғашқы болып №2 спорт мектебінің жаттықтырушысы Азизхан Камилжанов жетті.
Іс-шара соңында қатысушылардың барлығына тиісті сертификаттар табысталды.

Салтанат ЖАМАЛДИНОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.