Осы орайда суда абай болу да ең алдымен тұрғындардың өзіне байланысты. Дегенмен төтеншеліктер де қарап отырмай, өз тараптарынан халыққа түсіндіру, алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Бұл бағытта Шымкенттік ТЖ қызметкерлері де жергілікті атқарушы органдар және құзырлы мекемелермен бірлесіп, белсенді іс-шаралар атқаруда.
Осы орайда шомылу маусымында қауіпті азайту үшін ең алдымен мына қауіпсіздік шараларын сақтауды өтінеміз:
- тек жабдықталған жағажайлар мен басқа да шомылуға арналған орындарда, ресми рұқсаты және құтқару қызметі бар жерлерде шомылыңыздар;
- жүзе білмей белдеріңізден жоғары келетін суға кірмеңіздер;
- шомылу кезінде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыздар;
- жағадан алыс, қойылған белгіден ары жүзіп кетпеңіздер;
- бөгеттен, қайықтан, көпірден суға секірмеңіздер;
- суға көп шомылмаңыздар, аса тоңып және шаршап қалуларыңыз мүмкін;
- түнгі уақытта, масаң күйде суға шомылмаңыздар;
- су айдындарының жағалауында балаларды үлкендердің бақылауынсыз қалдырмаңыздар, оларды бақылаңыздар.
- суда қауіпті жағдай жасамаңыздар.
Шомылу маусымы кезінде балаларға өте мұқият болыңыздар!
Шымкент қаласы ТЖД Еңбекші ауданы