"Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалы қала тұрғындарын келе жатқан мерекелерімен құттықтайды!

АвтоХҚО және ХҚО-лардың жұмыс кестесіне назар аударуыңызды сұраймыз. 6 шілдеде АвтоХҚО және ХҚО Астана күніне байланысты, ал 9 шілдеде Құрбан айтқа байланысты кезекші ХҚО жұмыс істемейді.

Естеріңізге сала кетейік, eGov.kz электронды үкімет порталы арқылы сіз мемлекеттік қызметтерді тіпті мереке және демалыс күндері де онлайн алуға болатынын ұмытпаңыз. Сондай-ақ, «ХҚО» қосымшасы арқылы, eGov порталында, EgovKzBot2.0 телеграм-ботында, Egovmobile қосымшасы және Kaspi және Halyk Homebank банктік қосымшалары арқылы да онлайн режимде алуға болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қаласындағы филиалының мамандары заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтерді қалай онлайн алуға болатыны туралы айтып берді. Бұл – Қазақстандағы ең көп талап етілетін мемлекеттік қызметтердің бірі.

Бұл үшін заңды тұлғаға ХҚО-ға барудың қажеті жоқ. Әсіресе, шағын және орта бизнес субъектілерін тіркеуге, коммерциялық заңды тұлғаларды қайта тіркеуге немесе таратуға қатысты қызметтер болса, барлығын eGov порталы арқылы жасауға болады.

Мемлекеттік корпорация мынадай электронды қызметтерді жүзеге асырады:
- Шағын және орта бизнес субъектілерін бастапқы тіркеу;
- Атауы өзгерген және жаңа қатысушы құрамына енгізілген жағдайда коммерциялық заңды тұлғаларды қайта тіркеу,
- Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін тарату;
- Акционерлік қоғамды, филиалды (өкілдікті) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жерінің өзгеруі.

 

tson

 

Cонымен қатар, қазіргі уақытта заңды тұлға басшысының өзгеруі ең кең таралған және сұранысқа ие қызмет болып табылады. Қазіргі уақытта заңды тұлғаның басшысын өзгерту бойынша сервис іске қосылды, ол электронды үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады. Қызмет атауы - Басшының ауысуы (басшыны тағайындау, басшының міндетін атқарушыны тағайындау, заңды тұлғаның мүлкі мен қызметін басқарушыны тағайындау, басшыны қызметінен босату).

Бұл қызмет келесі қосалқы қызметтерді қамтуы керек:
1) Мемлекеттік мекемені қоспағанда, заңды тұлғаның басшысын тағайындау. Өтiнiштi заңды тұлғаның тағайындалған басшысы немесе жалғыз қатысушысы электронды үкімет порталына бередi. Уәкілетті органның жалпы жиналысының төрағасымен және хатшысымен немесе заңды тұлғаның жалғыз қатысушысымен (егер өтінішті ол тағайындаған басшы берсе) келісіледі. Өтінішке қол қояды. Қызмет автоматтандырылған.
2) Банкроттықты, оңалтуды немесе уақытша басқарушыны тағайындау жатады. Басқарушыны тағайындау сот органының шешімі бойынша заңды тұлғаны оңалту рәсімін, мәжбүрлеп таратуды немесе банкроттықты жүргізу қажет болған жағдайда жүргізіледі. Өтінішті тағайындалған басшы оны тағайындау туралы сот шешімінің pdf форматындағы сканерленген көшірмесін қоса бере отырып, өтініш беруші қол қояды. Қызмет заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша тіркеушінің қатысуымен көрсетіледі.
3) Мұраны сенімгерлікпен басқарушыны тағайындау. Заңды тұлғаның мұрасын сенімгерлік басқарушыны нотариус тағайындайды. Тағайындау, егер заңды тұлға басшысы және жалғыз құрылтайшысы жеке тұлғаның мемлекеттік деректер қорында қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен немесе хабар-ошарсыз кеткен мәртебесі бар жеке тұлға болып табылған жағдайда жүргізіледі. Өтінішті мұраның тағайындалған сенімгерлік басқарушысы немесе сенімгерлікпен басқарушыны тағайындау туралы куәлікті ресімдеген нотариус мұраны сенімгерлікпен басқарушыны тағайындау туралы куәліктің pdf форматындағы сканерленген көшірмесін қоса бере отырып бере алады. Қызмет заңды тұлға орналасқан жері бойынша тіркеушінің қатысуымен көрсетіледі.
4) филиал (өкілдік) басшысын тағайындау. Өтінішті электронды үкімет порталыарқылы бас ұйымның басшысы қызметті ала алады.
5) заңды тұлға, филиал, өкілдік басшысының м.а., ол болмаған уақытта басшыны алмастыратын адамды тағайындау жатады.

Айта кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация 600-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетеді.

gazdan-ulanu 2

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының ұйымдастыруымен Абай ауданы әкімдігі, Абай ауданы төтенше жағдайлар басқармасы және Жастар ресурстық орталығының еріктілерімен бірлесіп, «Самал» сауда орталығында сатушылар мен келушілер арасында газдан уланудың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.

Сала мамандары қала тұрғындарының денсаулығының қауіпсіздігі және газды пайдалану кезіндегі ережелерді сақтау бойынша үнпарақтар таратты.

– Қалада жылыту маусымы кезінде газдан улану жағдайлары көптеп тіркелген. Жылыту маусымы тоқтағанымен газдан уланған адамдар азаймай тұр. Газға байланысты қауіпсіздік талаптарын сақтамай, немқұрайлы қарау өлімге алып келеді. Шымкент қаласында 13 тұтынушы мекеме бар. Олар үй ішіндегі техникалық қауіпсіздіктерді сақтауын қамтамасыз етеді. ҚР газ және газбен жабдықтау жүйесі 19 бабының 1тармағына сәйкес, газ тұтыну жүйелерінің және газ жабдығының иелері, олардың тиісті техникалық жан-күйін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті,- деді Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының газ техникалық инспекция бөлімінің бас маманы-мемлекеттік инспекторы Данияр Аширалиев.

gazdan-ulanu 1

Айта кетейік, жылыту маусымы кезінде 600-ден астам газдан улану жағдайы тіркелген. Осыған байланысты «I-Shymkent» бағдарламасы іске қосылған болатын. Онда 13 мекеменің тізімі енгізілген. Сонымен қатар тұрғындар үйде отырып-ақ аталған мекемелермен келісім шартқа отыра алады.

Шымкент келбеті – Айдана Мұхтарова
Фото Серік Қосаев

2022 жылғы қаңтар-мамыр айларында Шымкент қаласы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі, бағалау есебімен, 131131,2 млн теңгені немесе 2021 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 129,2 пайызды құрады.

2022 жылғы қаңтар-мамыр айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың едәуір үлесі жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларды құрады, ол – 48,9 пайыз, өнеркәсіп – 19,2 пайыз, білім беру – 9,1 пайыз, көлік және қоймалау – 7,7 пайыз.

Биылғы қаңтар-мамыр айларында ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына бағытталған инвестициялық салымдар 109648,6 млн теңгені немесе 2021 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 46,7%-ға артты.

Технологиялық құрылым бойынша инвестициялық салымдардың 83,6 пайызы ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына тиесілі. Шағын кәсіпорындардың инвестициялық салымдарының көлемі осы жылдың қаңтар-мамырында 115892,5 млн теңгеге жетті.

Ал аудандар бойынша инвестицияның едәуір үлес салмағы Қаратау (44% немесе 57729,9 млн теңге) және Абай (19,8% немесе 25983,5 млн теңге) аудандарына тиесілі.

Алтынай АЙТУҒАНОВА,
Ұлттық статистика бюросының
Шымкент қаласы бойынша департаменті
құрылыс және инвестиция статистикасы
басқармасының бас маманы

sport-foto

Тайландтың Паттайя қаласында өткен көркем гимнастикадан Азия чемпионатында шымкенттік спортшылар табысты өнер көрсетті.

Құрлық додасында спортшыларымыз Эльжана Таниева, Милана Парфилова және Әсел Шүкірбай ел намысын абыроймен қорғады.

Эльжана Таниева лентамен жаттығуда – алтын, шығыршық жаттығуында күміс медал жеңіп алды. Ал Милана Парфилова доппен жаттығуда алтын және шеңбер жаттығуында күміс жүлдені қоржынға салды.

Сонымен қатар, топтық жаттығуда Әсел Шүкірбай 1 күміс, 1 қола медальға ие болды. Жерлестеріміздің қоржынында жалпы 3 алтын, 4 күміс, 1 қола жүлде бар.

Осылайша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 2-орынға жайғасты.

Тұмаумен шатастырмаңыз...

Пятница, 01 Июль 2022 00:00

Миқұрт (менингит) – бұл адамдар арасында көп таралған дерттiң бiрi. Қатерлі ми ауруымен, көбінесе, балалар ауырады. Дерт шешек, көкжөтел, шықшыт безі және құлақтың қабынулары сияқты аурулардың асқынуынан пайда болады. Туберкулезбен ауыратын анадан туған нәрестелер кейде туғаннан кейінгі алғашқы айларда туберкулез менингитіне шалдығады.

Менингит бактериясы жөтелу кезiнде ауа арқылы жұқпалы түрге алмасады. Мұрынға түскен бактерия жұлынға жетiп, қан айналымына енiп, қоздырғыштарды күшейтедi. Оның жұқпалы түрiне шалдыққан адам ауруды таратушы болып саналады. Кеселдің таралуына себеп болатын жағдайлар – адамдардың тығыз орналасуы, тазалық сақтамауы, ауруды тарататын ошақтардың жақын болуы. Медицина тәжірибесінде денеге түскен жарақаттан, құрт ауруынан, тұмау мен iш сүзегiнен де ауру пайда болатын жағдайлар кездесті.

Миқұрттың белгілері: бас ауруы, мойын бұлшықеттінің ұюы, қалтырау, ойлау естің бұзылуы (комаға дейін), жарық пен дыбысқа сезімталдықтың артуы болып табылады. Науқаста жүрек айну және құсу, жалпы әлсіздік, жүрек соғысының бұзылуы, бұлшықеттің ауруы байқалады. Ауру басталғанда науқастың дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, құсады. Ал бір жасқа дейінгі балалардың іші өтуі де мүмкін. Былай қарағанда бұл белгілер тұмауға ұқсайды. Сондықтан көп адам ауруды асқындырып алып жатады. Тіпті үйде өзіндік жолмен емделу, емшілерге қаралу, басқа дәрілік препараттарды қабылдаудың соңы өлім-жітімге соқтырады.

Тағы бір ескеретін жәйт, ауру балаларға үйір келеді. Олардың иммундық жүйесі толық қалыптаспағандықтан, қоздырғыштар бала ағзасына тез жұғады. Жоғарыда айтылғандай, ауруды бірден анықтау мүмкін емес. Жасырын түрде өрбитін ауруды кей ата-аналар баласының тіс жаруымен байланыстырып жатады. Көп ата-ана осы жағдайларда уақыт өткізіп алады. Ал емдеу уақыты өтіп кеткен баланы аурудан айықтыру оңай шаруа емес. Дерт дер кезінде анықталып, тиісті ем жасалса толығымен айығып кетеді. Сол себепті, денсаулыққа жауаптылықпен қарап, менингиттің алдын алған жөн. Ол үшін:

• Иммунитетті жоғарылату. Дұрыс тамақтану, уақытлы ұйықтау қажет;

• Кез келген ауруды дер кезінде емдеу;

• Қолды әрдайым таза ұстау, кез келген азық-түлікті тұтынардан бұрын жақсылап жуу.

• Басыңызды зақымдап алсаңы,з міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз.

Ем-дом неврология бөлімшесінде жүргізіледі. Арнайы кешенді антибиотик, вирусқа қарсы дәрілік заттардан тұратын ем тағайындалады.

 

М.АҒАБАЕВ, Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары,
Х.ХАДИМЕТОВ, №1 бөлімшенің меңгерушісі

Шымкенттіктердің азық-түлік өнімдерін тұтыну бойынша статистикалық талдау жүрігізіліп тұрады.

2022 жылдың 1 тоқсандағы Шымкент қаласында орта есеппен бір адамға шаққандағы пайдаланған азық-түліктің орташа көлемі туралы мәліметке назар салсақ, жұмыртқа - 38,3 (дана), сүт және сүт өнімдері – 34,6 литр, нан өнімдері және жарма өнімдері - 32,4 кг, көкөністер – 14,6 кг, ет және ет өнімдері – 12,6 кг, жемістер - 10 кг, картоп - 9 кг, қант, джем, бал, шоколад, кондитерлік өнімдер – 6,9 кг, май және тоңмай – 3,2 литрді құрады.

Сонымен қатар, қала тұрғындары азық-түліктің ішінде балық және теңіз өнімдерін аз тұтынады ( -1,3 кг жатқызуға болады). Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда азық-түлік өнімдерінің ішінде шымкенттіктер нан және жарма өнімдерін - 6,5%, жұмыртқаны -2,1%, картопты - 11,8% аз тұтынған.

Ж. КӨПЖАСАРОВА,
Ұлттық статистика бюросының
Шымкент қаласы бойынша департаменті
еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы бөлімінің бас маманы

Шымкент инвестиция тартуда алда келеді

jana-invest

Үкімет отырысында Қазақстанның 2026 жылға дейінгі Инвестициялық саясаты тұжырымдамасы бекітілді.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Инвестициялық саясаттың жаңа тұжырымдамасы әзірленді. Бұл құжат ел экономикасына тартылатын инвестициялардың өсуіне айтарлықтай ықпал ететін болады. Жалпы, біз инвестициялар өсімінің пандемияға дейінгі деңгейіне жеттік. Биылғы жылдың 5 айында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2,5 пайызға өсіп, 4,1 трлн теңгені құрады, деді – ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысының дерегінше, өңірлер арасында биылғы жылы Ақмола облысы, Шымкент және Алматы қалалары негізгі капиталға салынған инвестициялар өсімінің жоғары қарқынын көрсетіп отыр. Ал, Түркістан және Қарағанды облыстарында бұл көрсеткіш айтарлықтай төмендеп кеткен.

– 2021-ші жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 38 пайызға өсіп, шамамен 24 млрд долларды құрады. Салалар бойынша тікелей шетелдік инвестициялардың ең көп өсімі өнеркәсіпте, саудада, қаржы және сақтандыру қызметінде, көлік пен құрылыста тіркеліп отыр, – деді Премьер-Министр. Әлихан Смайылов Қазақстан тікелей шетелдік инвестициялар үшін тартымды ел екендігін және бұл жағынан Орталық Азия өңірінде көш бастап тұрғанын баса айтты.

– Қазіргі жағдайда біз осы позицияны нықтай түсіп, шетелдік инвестициялар үшін белсенді қимылдап инвесторларға барынша оңтайлы жағдай жасауымыз қажет. Сондай-ақ, экономиканың шикізаттық емес секторларында инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздерін кеңейту керек. Ұсынылып отырған Инвестициялық саясат тұжырымдамасы экономиканы дамытудың және халықтың әл-ауқатын арттырудың драйверіне айналатын жаңа инвестициялық циклдің бастауы болуы тиіс. Тұжырымдамада 2026-шы жылы негізгі капиталға инвестициялар деңгейін Жалпы ішкі өнімнің 25,1 пайызына дейін жеткізуді және тікелей шетелдік инвестициялар көлемін 25,5 млрд долларға дейін ұлғайтуды көздейтін ауқымды мақсатты индикаторлар белгіленген. Мемлекеттік инвестициялық саясат сапалы шетелдік және ішкі инвестицияларды тартуға, экономикалық белсенділікті арттыруға және халықтың табысын ұлғайтуға, оның ішінде жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға бағытталатын болады, - деген Премьер-Министр тұжырымдаманы бекіту үшін дауыс беруді ұсынды. Үкімет мүшелері тұжырымдама жобасын қолдап дауыс берді.

Страница 1 из 556