Алименттің жауапкершілігі жоғары

Четверг, 28 Март 2024 13:09 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 1252 раз

aliment

Бала жауапкершілігі - ата-ана мойнында. Алайда баланы өмірге әкелгенмен әртүрлі себептермен ажырасқан ата-аналардың ортақ бала үшін жасайтын қамқорлықтан жалтаруы жан ауыртады. Ересек адам ретінде өз жауапкершілігін сезініп, кейін өз баласының алдында кібіртіктемеуі үшін заңмен бекітілген алиментті өз еркімен, өз қалауымен төлейтін азаматтар аз емес. Керісінше, ажырасқан отбасын әуре-сараңға салып, іздетіп, жұмыс орнын жасырып дегендей әбігерге салатын әкелер де көп кездеседі.

Алимент өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттардың орындалмауына борышкердің тұрақты кірісінің және өндіріліп алынуы мүмкін мүлкінің жоқ болуы, сондай-ақ жұмыс орындарының жетіспеушілігі әсер етеді. Әсіріесе борышкерлердің жаңа мекен-жайларын қалдырмай, басқа өңірлерге уақытша тіркеусіз жұмыс істеп немесе кәсіп іздеп кетуі көп кездеседі. Сонымен қатар азғындық өмір салтын жүргізетін, тұрақты жұмысқа орналасқысы келмейтін, алкогольді асыра пайдаланатын борышкерлер де қарызды өндіру ісіне кедергі келтіреді.

Борышкерлерді заңға сай тәртіптік жазаға ұсыну - өз міндетін жалтарғандарға ой салудың, бала-шағасы алдындағы парызын ұғындурудың бір жолы болмақ. Бұл тұрғыда борышкерді әкімшілік, қылмыстық жауапкершіліке, жүргізу куәліктеріне уақытша тоқтату сондай-ақ, ел аумағынан шығуына шектеу қойылған.

Өз отбасы алдында борышкерлердің әлеуметтік жағдайы әртүрлі болатыны белгілі. Сондықтан алимент өндіруде оларға мүмкіндікке қарай қолдау да көрсетіледі. Мысалы, өңірде жұмыссыз борышкерге жұмысқа орналасу туралы хабарламамен жұмыспен қамту орталығына жіберіліп, борышкерлер жұмысқа орналастырылды. Азаматтың өзі саналы түрде уақытымен төлеп, бала тағдырына қамқор болмаған соң мәжбүрлі іске асыру бұл істе қиындық туындатады. Алайда әрбір азамат,әрбір бала мемлекет қолдауына ие, бала тағдыры жауапсыз қалмайды. Сондықтан алимент төлеудің қиындықтарын жеңу, өтінім берушінің құқын қорғау – біз үшін басты міндет.

Шымкент қаласының Әділет департаментінің
Жеке сот орындаушыларының ұсыныстары бойынша
әкімшілік тәжірибе бөлімінің сот орындаушысы Қыстау Құрбан

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.