Версия для печати

МӘМС пакетіндегі балаларға көрсетілетін медициналық көмек туралы

Четверг, 20 Май 2021 08:13 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3183 раз
Оцените материал
(0 голосов)

mams-balalar-paketi

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры үнемі Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, @SaqtandyryBot телеграм-бот және 1406 байланыс орталығы арқылы балаларға медициналық көмек көрсету тәртібі бойынша жүздеген сұрақтар алады.

18 жасқа дейінгі балалар жеңілдікті санатқа жатады, олар үшін мемлекет МӘМС үшін аударымдар жасайды. Сондықтан медициналық сақтандыру пакетіндегі медициналық көмек балаларға толық көлемде қолжетімді. 18 жасқа дейінгі балаларға стоматологиялық көмек шұғыл және жоспарлы түрде тегін көрсетіледі. Медициналық сақтандырудың стоматологиялық қызметтер пакетіне мыналар кіреді:

- тісті жансыздандыру және жұлу;

- пломба салу;

- абсцесстерді ашу;

- пульпит, периодонтитті емдеу;

- гипоплазия, флюороз кезінде тістің анатомиялық пішінін толық функционалдық қалпына келтіру;

- еріндер мен тілдердің пластикасы;

- рентгенография;

- ортодонтиялық қызметтер: жақ-бет аймағыныңтуабіткенпатологияларыжәнетаңдайдыңбөлінуі (қасқырдыңаузы) болғанкезде.

Стоматологиялық көмек алу үшін емханаға да, стоматологиялық клиникаға да жүгіне аласыз. Бұл ретте, стоматологиялық қызмет көрсететін клиника Қордың әлеуетті жеткізушісі болуы тиіс және әлеуетті жеткізушісі тізімінде болуымаңызды.

Стоматологиялық қызметтерді жеткізушілердің тізімін қордың сайтынан көруге боладыhttps://fms.kz/kz/zakupki/postavshchiki-kdu-uslug/.

Біржасқадейінгі балалар үшін бейімделгіш құрғақ қоспалар тіркелген жеріндегі емханаларда мынадай жағдайларда беріледі:

- емшектегі нәрестені асырапалу;

-анасында АИТВ инфекциясының немесе туберкулездің белсенді түрінің, жітіпсихикалық аурулардың, туабіткен және пайда болған жүрек ақауларының, жүрек-қантамыр жүйесініңде компенсациясымен ілесе жүретін аурулардың, эндокриндік және аллергиялық аурулардың ауыр түрлерінің болуы;

- баллада туабіткен лактаза жеткіліксіздігінің, галактоземияның, фенилкетонурияның, "үйеңкішәрбаты" ауруының болуы»;

- ананың цитостатикалық, радиоактивті, тиреоидты, психотроптық және есірткі дәрілік препараттарды қабылдауы;

- бірнеше баланың дүниеге келуі және емшек сүтінің жетіспеушілігі;

- әйелдің күндізгі оқу нысанында оқуы;

- әйелдің стационарда емделуде болуы.

Ананың жағдайына байланысты оған тек жасанды және аралас тамақтандыру тағайындалуы мүмкін. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізбесімен толығырақ мына сілтеме бойынша танысуға болады: Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 09 қаңтардағы № ҚР ДСМ-1/2020 бұйрығы.

Созылмалы аурулары бар балалар мен жасөспірімдер жылына екі-үш рет тұрақты медициналық оңалтудан өте алады. Бұл асқынулардың алдын алу үшін емханаларда динамикалық бақылау кезінде жасалады. Үшінші кезеңді оңалтуды пациенттің ауруына байланысты емхананың медицина қызметкерлерінің жолдамасы бойынша емханаларда, күндізгі және тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда, оңалту орталықтарында және үйдегі стационарларда жүргізеді. Әрине. Ол үшін тіркелген жері бойынша учаскелік дәрігердің/педиатрдың қабылдауына жазылу, консультация кезінде жүгіну себебін көрсету қажет. Дәрігер кардиологқа жолдама береді және ол спортқа қарсы көрсеткіштерді болдырмау үшін қажетті шараларды тағайындайды. 5 жасқа дейінгі балаларға денсаулық жағдайының кез келген нашарлауы кезінде учаскелік дәрігер үйде қызмет көрсетеді. 5 жастан асқан балаларға үйге шақырған кезде оның шақыру себебіне және баланың жағдайына байланысты алғашқы медициналық - санитариялық көмек маманы-дәрігер, орта медицина қызметкері көмек көрсетеді. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда вакцинация жүргізу мерзімі жасына сәйкес Ұлттық егу күнтізбесімен белгіленген. Туа біткен жүреккемістігі бар балаларға медициналық көмек диагностикалау мен емдеудің барлық кезеңдерінде тегін көрсетіледі. Cатып алудың қажеті жоқ. Балабақшаға немесе мектепке қабылдау үшін медициналық анықтаманы тіркелген жері бойынша емханадан сұратуға болады. Анықтамаға баланың физиологиялық параметрлері, бар аллергиялық реакциялар, созылмалы және бұрын болған инфекциялық аурулар, алынған екпелер, профилактикалық тексерулердің және зертханалық талдаулардың нәтижелері және т. б. енгізіледі.Балаларды профилактикалық тексеру жыл сайын – туғаннан бастап кәмелетке толғанға дейін жүргізіледі.

№6 қалалық емхана әлеуметтік қызметкер: Токжигитова Динара

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.