«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты Шымкент қаласы бойынша жаңадан ашылған 12 учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамының (82 бос орын), сонымен қатар, сайлау комиссияларының (41 бос орын) бос тұрған орындары бойынша құрамдарын қалыптасатыны туралы хабарлайды (сайлау комиссиялар, олардың орналасқан жері, бос орындар туралы мәліметтер мәслихаттың сайтында орналастырылған).
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссияның құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссияның құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихат сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар 2025 жылғы 10 – 18 шілде аралығында, ал өзге де қоғамдық бірлестіктер және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2025 жылғы 21 – 24 шілде аралығында мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) нысан* бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) нысан* бойынша кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы өтініштері.
*Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихаттың сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзыреттеріне белгіленген, аумақтық сайлау комиссиясы мүшелеріне ҚР ОСК-ның 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №129/624 қаулысымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге, сондай-ақ «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында сайлау туралы заңнаманы білуге арналған тестілеуден кіші жүйе арқылы өткені туралы сертификаты болуға тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастыратын мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 25 шілдеге дейін (2025 жылғы 24 шілде – құжаттарды қабылдаудың соңғы күні), дүйсенбі – жұма күндері сағат 09:00-19:00 аралығында жүзеге асырылады, үзіліс сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін.
Шымкент қаласының мәслихаты
Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Б.Нарымбетов
Мәслихаттың орналасқан жері: Шымкент қаласы, N.Nazarbarev даңғылы 10 үй.
Жауапты маман – Мырзабеков Асхат Маликович, байланыс телефоны: 24-74-06, maslihat_shm@mail.ru.