Редакция таңдауы

Үздіктер үлкен өмірге жолдама алды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім мен ғылымды дамыту еліміздегі мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы саналатынын үнемі айтып келеді. Білімді, көзі ашық, салауатты ұлтты қалыптастыру жолында Мемлекет басшысының қолдауымен Қазақстанда шетелдік жетекші университеттердің филиалдары ашылып, халықаралық институттармен бірлесіп ұдайы зерттеу жұмыстарын жүргізуде дәйекті жұмыс жүргізіліп келеді.

Мемлекет басшысы «Ғылым мен жоғары білім саласындағы әріптестіктің жаңа шыңы» атты форумда сөйлеген сөзінде «Қазақстанның барынша ашық, тұрақты нарықтық экономикаға көшуі қарқынды және орнықты білім беру стандарттары мен цифрлық трансформацияны қажет етеді. …Соңғы бірнеше жылда біз беделді 19 университетпен стратегиялық альянс құрдық. АҚШ, Ұлыбритания, Ресей және Германия университеттері елімізде өз филиалдарын ашты. Сондай-ақ, Қытай, Түркия, Италия және және басқа да мемлекеттердің университеттері Қазақстанға қызығушылық танытып отыр», – деген болатын.

Мемлекеттің жоғары білімді дамытуға бағытталған осынау жүйелі саясатының нәтижесін Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінен де байқауға болады. Биыл аталған университетті 3 571 түлек тәмамдап, үлкен өмірге жолдама алды. Оның ішінде білім биігін бағындырған 159 түлек үздік атанды. Бітіруші түлектерге арналған «Үздік түлек – 2025» мерекелік іс-шарасы үлкен деңгейде өтіп, салтанатты диплом табыстау рәсіміне университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары, «AMANAT»  партиясының өкілдері, оқу ордасының елімізге танымал түлектері және қуанышты сәтті бөлісуге ата-аналар жиналды. Университеттің басқарма төрағасы –ректоры Дархан Ахмед-Заки барша түлектерге ыстық лебізін білдірді.

– Бүгін университетімізде тарихи сәт. Оңтүстік өңірдегі ғылым мен білімнің іргелі қара шаңырағы Әуезов университетінде білім алып, түлектеріміз өз ұясынан ұшқалы отыр. Баршаңызға белгілі, қазіргі жаһандану процесіне икемді мамандар даярлау өте өзекті болып отыр. Оқу ордасы осы мәселеге басымдық беріп келеді. Әлемдік жетекші жоғары оқу орындарымен іс-тәжірибе алмасу арқылы ғылыми процесті жетілдіру – біздің басты бағытымыз. 80 жылдан астам уақыт ішінде оқу ордамыз 240 мыңнан астам түлекке үлкен өмірге жолдама берді. Олар бүгінгі таңда әлемнің көптеген елдерінде абыроймен қызмет атқарып, қоғамның әр саласында зор табыстарға жетуде. Бұл – біздің университетіміздің әлемдік бәсекелістікке қабілеттігін көрсетеді.

Сіздерді еліміздің игілігі мен егемендігіне тұғырлы Тәуелсіздігіне қалтқысыз қызмет етеді деген сенімдемін!, — деген Дархан Жұмақанұлы түлектерге ақ жол тіледі.

Университет түлектеріне– «САУТС-ОЙЛ» компаниясының президенті Сейітжанов Серікжан Сейітжанұлы, ҚР Парламент Мәжілісінің  депутаты, «М.Әуезов университеті түлектерінің қауымдастығы» ҚБ төрағасы Искандиров Мұқаш Зұлқайнарұлы түлектерге диплом табыстай отырып, өздері білім алған оқу ордасы жайлы естеліктерін бөлісті, білімді жастар қашанда биіктен көрінетінін жеткізе отырып, білім алуда ізденісті тоқтатпауға шақырды.

Салтанатты мереке концерттік бағдарламаға ұласып, өнер иелері әннен шашу шашты. Үздік түлектердің құрметіне орай ұйымдастырылған отшашу ерекше көңіл-күй сыйлады.

Салтанат ЖАМАЛДИНОВА

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win