Версия для печати

Шәкірт жетістігі – ұстаз мақтанышы

Вторник, 04 Декабрь 2018 08:12 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 5038 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта мектебінің шәкірттері қалалық «Менің планетам» атты оқушылардың экологиялық форумы аясында өткізілген топтық сайыстың жеңімпазы атанды.

164

 

Мектепте ұйымдастырылған ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік шарада аталған білім ошағының басшысы барлық оқушыларды құттықтап, оқу үздіктері мен түрлі сайыстарында жеңіс тұғырынан көрініп жүрген алғыр шәкірттер мен еңбекқор мұғалімдерді марапаттады. Сәуле Мамытбаева оқушыларды  мектептегі  сыныптан   тыс  жұмыстар  ұйымдастыру  арқылы  экологиялық  мәдениеттерін  қалыптастыру  барысында  жас  ұрпақтың  санасына сіңіріп  жеткізу  тәрбиенің  басты  мақсаттарының  бірі екенін атап өтті. Бұл ретте мектептің абыройын асқақтатып келе жатқан 8 «а» сынып оқушыларының еңбегіне ерекеше тоқталды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны» деген болатын. Расында, білімді ұрпақтың келешегі кемел, жолы жарқын болмақ.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.