БАР БІЛІМНІҢ БАСТАУЫ – БАЛАБАҚША Избранное

Среда, 24 Апрель 2024 06:46 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 223 раз

Шымкентте мектепке дейінгі тәрбие мен оқудың сапасын арттыру мақсатында Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының мектепке дейінгі ұйым ұстаздарына арналған өңірлік семинар өтті. Семинар мектепке дейінгі ұйымдардағы мобильді топтар мен құзыреттілік орталықтардың озат іс-тәжірибелерін тарату, педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

Semina10000

 

Жиынға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» РММ мамандары, облыстық, қалалық білім басқармаларының оқу-әдістемелік орталықтары мен кабинеттерінің әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйым басшылары, әдіскерлері, тәрбиешілері мен педагогтері қатысты.
— Балалардың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына тікелей әсер ететін — балабақша мен тәрбиешілер. Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі технологиялары енгізілуде. Сондықтан әдіс-тәсіл, тәжірибе алмасу, тәрбие беру саласында семинардың берері көп, — деді Шымкент қаласы «Мектепке дейінгі дамыту орталығының» директоры Салтанат Өтемісова.
Семинар барысында қонақтар қаламыздағы бірнеше бөбекжай-бақша базаларында болып, тәжірибе алмасты.

С.ТҰРҒАНТАЙҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.