Версия для печати

ОҚМУ білім беру хабына айналады Избранное

Пятница, 01 Февраль 2019 04:46 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 4836 раз
Оцените материал
(0 голосов)

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті басшылығы Орта Азия елдерінде филиалдар ашып, 75 жылдық тарихы бар оқу ордасын білім берудің хабына айналуды көздеп отыр.

222222

Университет ректоры Дәрия Қожамжарованың айтуынша, биыл Жастар жылы аясында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің алғашқы филиалы ашылады. 95 маманды қамтитын жоғары оқу орнының бөлімі жаңа оқу жылынан бастап көршілес Өзбекстанда жұмысын бастамақ. Ал екі өкілдік Қарағанды және Ақтөбе қалаларында орналаспақ.

Жуырда Дария Пернешқызы бастаған делегация Өзбекстан астанасы Ташкент қаласына арнайы іс-сапармен барып, Өзбекстан Республикасының Жоғары және орта арнаулы білім министрі Ином Маджидов және Өзбекстан ұлттық университетінің ректоры Аваз Марахимовпен кездесті.
Екі жақты кездесуде халықаралық ынтымақтастық, өзбек жастарының Қазақстанда білім алу, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Өзбекстанда филиалын ашу мәселелері кеңінен талқыланды.

– М.Әуезов атындағы ОҚМУ стратегиялық даму жоспарында Орталық Азия елдерінде филиалдар ашу көзделген. Университет бүгінгі таңда Өзбекстанның 15 жоғары оқу орнымен әріптестік байланыс орнатқан. 10 магистрант Өзбекстан ұлттық университетінде іс-тәжірибеден өтуде, – деді Д.Қожамжарова.
Айта кетейік, университетте бүгінде 20 мыңнан астам студент білім алуда. Олар Жастар жылы аясында Елбасы бастамаларына үн қосып, аталған жобалардың жүзеге асыру жолында тынымсыз ізденіске дайын.

Последнее изменение Пятница, 01 Февраль 2019 05:00