Үшінші мегаполистің намысын қорғап қаланың атынан 100 оқушы сайыста бақ сынады. Нәтижесінде 31-і жүлделі орындарға ие болды. Оның ішінде, 2 алтын медаль, 11 күміс медаль, 18 қола медаль бар.
Биылғы сайыстың мектепішілік кезеңіне 1 миллионға жуық оқушы қатысқан. Ал, ақтық мәреде еліміздің барлық өңірінен 1500-ден астам қатысушы бақ сынады.
Білім додасы пандемия жағдайын ескере отырып, «Бір оқушы – бір компьютер – бір камера» қағидасы бойынша ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, аталған республикалық олимпиаданың нәтижелері бойынша Шымкенттегі 5 білім ордасы 8/ Қазақстанның 100 үздік мектебіне енді. Атап айтсақ, БИЛ1, НЗМ ХБ, НЗМ ФМ, Абай атындағы №90, М.Х. Дулати атындағы №8 мектеп-гимназия.