Версия для печати

«Төрге жайдым текемет» Избранное

Пятница, 23 Сентябрь 2022 04:24 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 1684 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкентте «Shymqala» этноауылында «Текемет-fest» этнофестивалі басталды. Әдеп-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан екі күндік қолөнер шеберлерінің фестиваліне Шымкент қаласымен қатар, іргелес Түркістан облысының Сауран, Арыс ауданы және Өзбекстан, Қырғызстан елінен қолөнер шеберлері қатысуда.

220

 

– Ұлттық қолөнер бұйымдарының ішіндегі ең көнесі – текемет. Негізгі мақсат – ұмыт болып жатқан дүниені қайта жаңғыртып, келер ұрпаққа аманаттау. Фестивальде шеберлер текеметтің шығу тарихын, түрлерін айтып, келушілермен бірге жасайтын болады деді, – Шымкент қалалық мәдениет және тілдерді дамыту, архивтер басқармасының бөлім басшысы Динара Серікқызы.
Фестивальде шеберлер қойдың жүнін қырқудан бастап, дайын болғанға дейінгі үрдістің қалай жүргізетінін яғни, жүн сабау, түту, бояу, тарау, шабақтау, шүйкелеу, түр салу, текеметті басуды көрсетті.
– Текеметті төсеген кезде жылы болады, аяқтан сыз өтпейді. Бұрынғы кезде ата-бабаларымыз көшіп-қонғанда киіз үй тіккен, текеметті төсеген. Жүннен жасалған бұйымдар жиі қолданыста болған. Дәстүрді жаңғыртып, жастарға текемет басудың қыр-сырын үйретіп отыруымыз қажет, – дейді Өзбекстанның келген шебер Есенгүл Мырзаева.
Он саусағынан өнері тамған шеберлер басқан ою-өрнекті текеметтер көздің жауын алады.
– Біз Қырғыз елінің текеметін алып келдік. Төсенішті жасауда бауырлас елдерде қатты айырмашылық жоқ. Осында келушілерге қырғыз елінің текеметінің қалай жасалатынын көрсетеміз, – дейді қырғызстандық қолөнер шебері Сұлтанәли Апжаппар.
«Текемет-fest»-те түрлі ұлттық нақыштағы кәдесый, төрт-түліктен өндірілетін өнімдерден жасалған бұйымдардың көне үлгілері, бүгінгі заманауи өнімдерден құрылған көрме жасақталды.

Айдана АБДІРАХМАН

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.