АЭС – энергетика саласындағы проблемаларды шешудің төте жолы
Среда, 02 Октябрь 2024 12:27Шымкент қаласында АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб мүшелері №87 жалпы орта мектебінде ұстаздармен кездесті. Жиында жұмысшы топ атом электр станциясының ел дамуына қосатын үлесі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Насихаттық топтың құрамында «Amanat» партиясы Атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, сондай-ақ бірқатар партиялардың өкілдері болды.
Жиынды ашқан Ербол Рәбілұлы АЭС жобасы туралы маңызды ақпараттармен бөлісіп, оның экономикаға келтірер пайдалы тұстарын атап өтті. «Қазіргі таңда, әлемнің 30-дан астам елінде 415 реактор жұмыс істеп тұр. Оның көпшілігі АҚШ, Ресей, Қытай, Франция сияқты алпауыт мемлекеттерде орналасқан. Одан бөлек, тағы 60-тан астам реактордың құрылысы жүргізіліп жатыр. Яғни, АЭС тоқ көзін өндірудің ең дұрыс тәсілі екенін әлем мойындап отыр. Демек, бұл экономиканың ілгерілеуіне ерекше әсерін тигізеді деген сөз», — деді Ербол Рәбілұлы.
Баймырза Умаров еліміздегі энергетика саласының қазіргі жағдайы туралы мағлұматтармен бөлісіп, халық санының өсуі және кәсіпкерлік нысандардың артуына байланысты электр энергиясына деген сұраныс жыл сайын 3%-ға артып келе жатқанын айтты.
Болат Тауасаров АЭС тақырыбына қатысты қоғамда жиі кездесетін бірқатар сауалдарға жауап берді. «Ел ішінде «АЭС салғанша неге күн, жел, су электр станцияларын көбейтпейді» деген пікірлер айтатындар бар. АЭС-ке балама ретінде айтылып отырған станциялар да салынатын болады. Бірақ, ол станциялардың тоқ өндіру қуаты ауа райына тікелей байланысты болғандықтан, тұрақты тоқ көзіне жатпайды. Сол үшін бізге АЭС керек», — деді ол.
Жиын соңында азаматтар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, оларға тұшымды жауаптар берілді. «АЭС құрылысымен қандай мемлекет айналысады?» деген сауал көпті мазалаған сұрақтардың бірі болды. Штаб мүшелері референдумда халық мақұлдап жатса, бұл мәселемен арнайы сала мамандары мен сарапшылар МАГАТЭ халықаралық ұйымымен кеңесе отырып, шешілетінін түсіндірді.
Депутат тұрғындармен кездесіп, АЭС құрылысының маңыздылығын түсіндірді
Среда, 02 Октябрь 2024 12:25Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Талғат Балтабаев АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдері ретінде Таскен тұрғын алабының тұрғындарымен кездесті. Кездесуде халық қалаулысы АЭС салудың еліміз үшін маңыздылығы мен тиімді тұстарын тұрғындарға түсіндірді. Сонымен қатар АЭС салу туралы шешім шыққанның өзінде ол кемі 11 жылда салынып бітетіндігі туралы да айтты.
Мәслихат депутаты күн санап халық саны артып келе жатқан еліміз үшін келешекте халықтың саны бұдан екі есеге артып, технология жанданып жатқан заманда электр энергиясына деген сұраныс бұдан да көп күшейетіндігін түсіндірді.
Ал, Есімхан Қалмаханұлы тұрғындарға АЭС салу бойынша елімізде Алматы облысындағы Үлкен ауылы таңдалып отқандығын айтып және АЭС құрылысына не себепті Балхаш көлінің маңайы таңдалғанын да түсіндіріп берді.
Тұрғындар да өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, оған толықтай, түсінікті түрде жауаптарын алды.
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БІРІНШІ КЕЗЕКТЕГІ МӘСЕЛЕ
Среда, 02 Октябрь 2024 04:44Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте қала әкімінің орынбасарлары Қуаныш Асылов пен Сәрсен Құранбек қазан айында жоспарланған іс-шаралар туралы баяндама жасады.
АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫ СЕКТОРЫН ЖАҢҒЫРТУДЫҢ МАҢЫЗДЫ КЕЗЕҢІНДЕ ТҰРМЫЗ
Среда, 02 Октябрь 2024 04:42Қазіргі таңда әлем мемлекеттері энергия тапшылығын болдырмаудың негізгі тетігін қалыптастыруға атсалысып жатыр. Атом электр станцияларын салып, болашаққа қадам басуда.
БІРЫҢҒАЙ ЕСЕП БЕРУ КҮНІ ӨТТІ
Среда, 02 Октябрь 2024 04:41Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімовтың төрағалығымен өткен жиынға прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және басқа да бақылау-қадағалау органдарының, кәсіпкерлер палатасының, салалық басқармалар мен аумақтық департаменттердің басшылары, кәсіпкерлер қатысты.
ШЫМКЕНТТЕ 10 ЭЛЕКТР ҚУАТТАУ СТАНЦИЯСЫ ОРНАТЫЛАДЫ
Среда, 02 Октябрь 2024 04:40Шымкент қаласының тұрғындарын сапалы әрі үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету – жергілікті биліктің алдында тұрған аса маңызды міндет.
«МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЖОҒАРЫЛАУЫНА МҮМКІНДІК КӨП»
Среда, 02 Октябрь 2024 04:39Ел арасында мемлекеттік қызметші болу үшін танысың мықты болу керек не болмаса қалтаң қалың болу керек дейтін түсінік әлі де бар. Әрине, бұл қалыптасып қалған стереотип қана. Соның бірден-бір дәлелі – Түлекбаева Амаля Айдарбекқызы. Амаля Айдарбекқызы 1993 жылы 23 желтоқсанда Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында қарапайым отбасында дүниеге келген. Ата-анасының қызмет ауыстыруына байланысты 2005 жылы Шымкент қаласына көшіп келген. Шымкент қаласындағы Д.И.Менделеев атындағы №15 лицейін тәмамдаған. Тамыр-таныссыз, өзінің табандылығының арқасында мемлекеттік қызмет саласында тәжірибе қалыптастырған Амаля Айдарбекқызымен аз-кем әңгімелескен едік.
АПВ-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ НЕЛІКТЕН 11 ЖАСТАН БАСТАП ЕГІЛЕДІ?
Среда, 02 Октябрь 2024 04:38Соңғы жылдары елімізде жатыр мойыны обырына шалдыққан әйелдер саны артып келеді. Онколог-дәрігерлердің мәліметінше, ол дерт сүт безі обырынан кейін екінші орында тұр. Оған кеселдің «жасарып», қыз балалар арасында анықталып жатқан жағдайлар жиі кездесіп жүр. Қоғамда онкология десе, қорықпайтын адам жоқ. Сондықтан бүгінде мұның алдын алудың бірден-бір жолы – екпе.