Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мерекесі – күллі парсы және түркі жұртының мерейлі мерекесі. Мұсылмандықты, ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты бекем ұстанған қазақ халқы бұл күнді ерекше дайындықпен өткізеді. Ақсақалды қариялар, ақ самайлы әже-апалар ақ дастарқан жайып, қонақ күтіп, батасын береді.

СӘН ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

Пятница, 17 Март 2023 05:41 Автор
Халықаралық сән конференциясы Шымкентте өтті Наурыз мерекесі қарсаңында Шымкентте дәстүрлі «Responsible Fashion Series» халықаралық сән конференциясы өтті. Аталмыш конференция 2012 жылдан бастап Нью-Йорк, Лондон, Париж, Милан қалаларының сән индустриясы орталықтарында, сондай-ақ Шанхай, Амстердам, Сан-Паулу, Хо Ши Мин, Рим, Джайпур, Скапье, Антверпенде қалаларында өткен.

Өнер-білімге талпынған жастар

Пятница, 17 Март 2023 05:00 Автор
Еліміздің жарқын болашағы мен келешегі үшін оқушылардың дарынын арттырып, қабілетін ашып, ұлттық ән-күйлеріміз бен жырларымызды өз нақышынан айырмай өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында Орталықтандырылған балалар кітапханасы жүйесінің №14 филиалында «Өнер – білімге талпынған жастар» атты дөңгелек үстел өтті. Оған кітапхана жанына құрылған «Өнерлі жастар» үйірмесінің мүшелері…

ШАПИТО ШЫМКЕНТТІКТЕРДІ ҚУАНТТЫ

Четверг, 16 Март 2023 09:12 Автор
   Демалыс шымкенттіктер үшін көңілді өтті. Павлодардан келген Ringo Star циркінің өнерпаздары көрерменге қуаныш сыйлады.
Халықаралық әйелдер күні мен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай Шымкент қалалық А.Пушкин атындағы әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Ұлттық киім — халық қазынасы» атты іс-шарасы өтті. Жиында бойжеткендер мен аналарға ұлттық нақыштағы заманауи киім үлгілері дәріптелді.
Шымкент қалалық Опера және балет театры «Домалақ ана» операсын сахналады. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңындағы қойылымға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов қатысып, қыз-келіншектерді, аналарымызды мерекемен құттықтады.

Аялайық, ардақтайық Ананы!

Пятница, 03 Март 2023 04:03 Автор
Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдерге жан-жақты көмек беріп келеді.
Үшінші мегаполисте көркемсөз оқу шеберлері арасында байқау өтті. Талантты жастардың басын қосқан өнер алаңында 12 үміткер бақ сынады. Мыңдаған дарынды жанның шабытын шыңдап, әдебиетке деген құмарлығын арттырып жүрген бұл байқауға биыл 25 жыл толды. 1998 жылдан бастау алған байқау күні бүгінге дейін түрлі деңгейде өткізіліп…

Қонаевтың рухына арналды

Пятница, 24 Февраль 2023 04:41 Автор
Биыл мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 111 жыл толып отыр. Осыған орай «Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалы қазақтың біртуар ұлын еске алу іс-шараларын қолға алды. Желтоқсан қозғалысының ардагерлері үшінші мегаполистегі мектеп оқушылары арасында шахмат турнирін өткізді. Зияткерлік сайысына…

«43/38»

Среда, 22 Февраль 2023 05:28 Автор
Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының репертуары қазақтың ұлы тұлғалары, қоғам қайраткерлеріне арналған жаңа қойылымдармен толығып отыр. Өткен жылы ұлт жанашыры А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай «Ахмет» қойылымы мен «40 мысал – 40 мақала» көшпелі әдеби тіл керуені бастау алды. Ал, биыл көрнекті жазушы, ақын, публицист…