Версия для печати

Отаным – Қазақстан

Пятница, 07 Октябрь 2022 04:32 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 2436 раз
Оцените материал
(0 голосов)

meirbekАнарбеков Мейірбек Маратұлы 2003 жылы Өзбекстан республикасында дүниеге келген. 2007 жылы Қазақстанға қоныс аударған ол 2013 жылы Көксәйек тірек қимыл апараты бұзылған балалар орталығында білім алды. 2019 жылы 9 сыныпты бітіріп, Кентау қаласындағы кәсіптік колледжінде есепші мамандығын бітіріп шықты. Мейірбектің әдебиетке деген құштарлығы, қызығушылығы барын қаламынан туған өлеңдерінен байқауға болады. Бүгін оның бірқатар өлеңдерін оқырман назарына ұсынуды жөн санап отырмыз.

 

Димаш атаға

Өндірісін қазақтың өркендеткен,

Дінмұхаммед Қонаев ұлы тұлға.

Инженерия саласын көркем еткен,

Еңбектерін болмайды ұмытуға.

Үлкен қызмет атқарған ел ішінде,

Елі үшін елеңдеп ел есінде.

Алматыны жайнатқан өндіріспен,

Айналысты тағыда кенді іспен.

Халықтың көңілінен шыққан адам.

Жұрт үшін жасаған нық көп қадам.

Хрущевтің шешіміне қарсы келіп.

Шымкенттің зауыттарын алып қалған.

 

Отаным - Қазақстан

Туылғанмын кең байтақ қазақ жерінде,

Кіндік кескен қазағымның кереметтей шөбінде.

Айтар сөз жоқ сенің ғажап керемет қой көркіңде.

Жеттік аңсап, міне, бүгін тәуелсіздік күніне.

Көгіңде қыран құс боп тәуелсіздік орнады.

Орындалды күткен көптен қазағымның арманы.

Бұрынғыдай Ресейге құл мен бодан болмады.

Еркіндікті сезінді тәуелсіз ел болғалы.

Ұмытпаймыз елі үшін оқ тосқан біз жандарды,

Елімізде саясатта өркендеп бір жанданды.

Есінде бар қазақтың төл теңгесі болғаны,

Алғаш қазағым рет өз теңгесін қолданды.

 

Ахмет Байтұрсыновқа арнау

"Қырық мысал" кітабын жазған ақын.

Ұқтырған мысал етіп білім парқын,

Ахмет Байтұрсынов – ұлы тұлға.

Ұмытылмас әріппен қалған атың.

Айтсам тағы ақынның көп еңбегі.

Еңбекшілн халық жайын өлеңдеді

Халыққа маса атты кітап жазып

Еңбекке енжар болмай келсе деді.

Алашорда партиясының белсендісі.

Бар алашқа бола білген көсем кісі.

Ұлты үшін азаттық алды болған.

Бағалауға лайықты еңбек ісі

Шындық үшін шырылдап айыпталған.

Ұлты үшін жанында қиып салған.

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов

Ұлылықтың үлгісін ұмытпаған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.