Бастаманың басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұлттық дәстүрімізді, салтымызды жас ұрпаққа кеңінен насихаттау. Іс-шараға қатысқан аудан әкімі Рақымберді Жанысбекұлы өнерлі аналарға сәттілік тіледі.
–Ұлттық құндылықтар – халқымыздың басты байлығы. Оны өскелең ұрпақ санасына сіңіру – сіз бен біздің басты парызымыз. Оның ішінде, халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын насихаттау міндетіміз. Қазіргі қоғамда нағыз қазақ анасының бейнесін қалыптастыру, қазақ қыздарына ұлт құндылықтарын дәріптеу арқылы біз өз құндылықтарымызды өркендетуге үлес қоса аламыз, - деді өз сөзінде аудан әкімі.
Жалпы байқауда аналар ережеге сәйкес 4 кезең бойынша сынға түсті. Қорытындысында барлық қатысушы аналар арнайы номинациялармен марапатталып, аудан әкімінің сыйлықтарына ие болды.
Жалпы байқау нәтижесімен «Парасатты Ана» номинациясымен – Талиға Төлепова, «Асыл Ана» номинациясымен –
Зерхан Нұрымова, «Ақ Ана» номинациясымен – Ақмарал Жұмабаева марапатталса, «Дана Ана» номинациясының иегері атанған Болсынай Исмаилова байқаудың қалалық кезеңіне жолдама алды.