Версия для печати

Ресейден цирк келді Избранное

Пятница, 02 Ноябрь 2018 04:32 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4667 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент-цирк манежінде алғаш рет Ресейдің халық әртісі Мстислав Запашный өзінің бағдарламасымен қонаққа келіп отыр. Аң үйретуші белгілі маманның жетекшілігіндегі өнер тобы «Ұлы орыс циркі» атты жаңа бағдарламасын ұсынбақ. Жыртқыш аңдары жетерлік гастрольдік спектакльдер қарашадан бастап бір ай бойы мегаполис тұрғындары мен қонақтарына өз өнерін паш етеді.

33

 

«Шымкент-цирк» мекемесі басшысының арнайы шақыртуымен келген ресейлік өнер ұжымы ерекше қойылымдар әзірлегендерін айтады. Шоу-бағдарламада цирк өнерінің ең күрделі 8 жанры бойынша қойылымдар ұсынылмақ. Атап айтсақ, шетелдік өнер иелері акробатикалық трюктер, әуе гимнастары, жонглерлер, сайқымазақтар, мұнымен қоса, аюлардың, сирек кездесетін жылқы тұқымдасының, иттердің және т.б. қатысуымен нөмірлер көрсетеді. Бағдарламаға енген ең қызықты нөмір бенгал және уссуриялық жолбарыстардың аттракционы болады деп күтілуде.
Цирк өнері жастар балетінің сүйемелдеуімен өтеді. Жалпы, Мстислав Запашный 50 әртіс, 13 жолбарыс, 4 аю, түрлі тұқымдағы 18 ит, қортық пинчерден бастап ірі мәскеулік күзететін иттерін мен 3 жылқысын ала келген.
Бағдарламаның премьералық көрсетілімін балалар үйлерінің, интернаттардың тәрбиеленушілері және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балалар тамашалайды.