Сайыстың жалпы мақсаты – жастардың бойындағы мәдениеттілікті, рухани-адамгершілікке, өнерге, білімге деген шығармашылық ізденістерін дамыту және талантты жастарға қолдау көрсету. Сонымен қатар, жергілікті ішкі чемпионат саналатын бұл ойынның мақсаты – Республикалық деңгейде өткізілетін телевизиялық жобаларға жайдарман топтарын дайындау.
Жастар жылында Шымкент қаласының көңілді тапқырлары - жаңа маусымға қарқынды дайындықпен және жаңа көзқараспен келгені белгілі. Түрлі бағытта әзіл-шынын араластырып, қағытпа қалжыңның ой саларлық тұсын да дәлелдейтіні анық.