Версия для печати

Бала қуанса, әлем қуанады

Вторник, 29 Октябрь 2019 05:06 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 2555 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Миллионды қаланың балғындары көтеріңкі көңіл-күйге бөленді. «Шымкент цирк» ұжымының өнерпаздары мен қалалық полиция департаментінің қызметкерлері қала әкімі Ерлан Айтахановтың бастамасын қолдау мақсатында қайырымдылық қойылымын ұсынды.

617

 

Мүмкіндігі шектеулі балалар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасының бүлдіршіндері, сондай-ақ, көп балалы отбасылардың балғындары цирк ғажайыптары мен әртістердің қызыққа толы қойылымдарын тамашалады. Қайырымдылық қойылымының көрермендерін тәттілермен қуантуға қалалық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Е.Жұмаханбетов арнайы келді.

618

Бұл бастаманы алғаш болып қолға алған «Шымкент-Цирк» ұжымының манежінде акробаттардың әуедегі ерекше трюктері, жыртқыш аңдар мен жануарлардың қызықты нөмірлері, сайқымазақтардың елең еткізер ойындары ұсынылды. Цирк директоры А.Әлиев қаладағы кәсіпорындар мен мемлекеттік мекеме басшыларын қала әкімінің бастамасын акция ретінде қолға алуға шақырды.Ал, мейірімді жандардың жүрек жылуын сезінген балалардың ата-аналары алғыстарын жеткізді.