Ал, 55 өтініш қаралып, құны – 542 миллион 675 мың теңге болатын мүлік жария етілді. 50 өтініш бойынша мүлікті жария етуден бас тартылған. Ал, 2 өтініштің құжаттары кері қайтарылған. Қалған 14 өтініш белгіленген тәртіппен комиссия тарапынан қаралуда.
Мүлікті жария ету науқаны биылғы жылдың 30 қарашасында аяқталады. Сондықтан, әкімдік жанынан арнайы құрылған комиссияның хатшысы Меруерт Туткишбаева тиісті құжаттарын түгелдеп, мүмкіндікті пайдалануға шақырады. Құжаттар Тәуке хан даңғылы №3 үйде қабылданады. Сондай-ақ, 30-01-57 телефон нөмірі арқылы қоңырау шалушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.