Версия для печати

Жоспарланған жұмыстар жүргізілуде

Понедельник, 25 Август 2014 04:27 Автор  Опубликовано в Сұхбат Прочитано 4222 раз
Оцените материал
(1 Голосовать)

Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің 2013 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен есепті кездесу барысында қойылған сұрақтар мен ұсыныстарға ЖАУАПТАР

Темірбаев Нышан, «Шұғыла» шағынауданының тұрғыны:
Сұрақ: «Шұғыла» шағынауданының көшелеріне  аяқ жолдар (тротуарлар) салып беруіңізді сұраймыз.
Жауап: Қазіргі таңда, «Шұғыла» шағынауданындағы көшелерге аяқ жол орнату мақсатында, сметалық құжаттар әзірлеуге тапсырыс берілуде. 2015 жылдың жұмыс жоспарын қалыптастыру барысында аяқ жол орнату жұмыстарына қаржы бөлу туралы ұсыныс енгізілетінін хабарлаймыз.
Сұрақ: «Шұғыла» ш/а көшелеріне аялдамалар қашан қойылады?
Жауап:  Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары «Шұғыла» шағын ауданында №109 қоғамдық көлік бағыты жүретін көшелерге зерттеу жұмыстарын жүргізіп, аялдама пункттерін анықтады. Қазіргі таңда, мердігер мекемеге жол белгілерін орнату туралы тапсырма берілді. Аялдама павильондарын орнату үшін Шымкент қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық бөліміне ұсыныс хат жолданғанын хабарлаймын.
Н. Тұяқбаев,  «Шұғыла» шағынауданының тұрғыны:
Сұрақ: Игілік, Сары өзек, Ізет, Ерулік көшелеріне қашан асфальт төселеді?
Жауап: Ағымдағы жылы «Шұғыла» шағынауданы бойынша 4 көшені (Игілік, Сарыөзек, Ерулік, Байзақов) күрделі жөндеуден өткізу мақсатында жобалық сметалық құжаттар әзірленуде. Жоба дайын болғаннан кейін, құрылыс жұмыстарына қаржы бөлу туралы ұсыныс енгізілетін болады.  
Көмекбаев Бахтияр, Қызылжар елді мекенінің тұрғыны:
Сұрақ: Біздің елдімекенде ауыз су жоқ, осы мәселені шешіп берулеріңізді сұраймыз.
Жауап: Бүгінгі таңда қаланың бас жоспарына сәйкес Сайрам, Төлеби, Ордабасы аудандарынан қала аумағына қосылған елді мекендерге инфрақұрылым жүйелері (су, газ, электр, кәріз) бойынша Абай, Әл-Фараби, Еңбекші аудан әкімдіктерімен бірлесіп, түгендеу жұмыстары жүргізілді. 2014-2020 ж.ж. дейін арналған әлеуметтік даму картасы әзірленіп,бекітілді.
Әлеуметтік даму картасына сәйкес жобалық сметалық құжаттарды дайындауға және құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджетті нақтылау барысында қаржы бөлуге ұсыныс беріледі.
Түктібаева Нүрипа, Қатынкөпір шағынауданы әйелдер кеңесінің төрайымы:
Сұрақ: Тойғанбаев көшесіндегі № 2 мектеп- аралық оқу өндірістік комбинаты /УПК/ маңындағы жолды жөндеп беруіңізді сұраймыз.
Жауап: Қатынкөпір шағынауданының Тойғанбаев көшесіне және Агропром шағынауданының Құралов және атауы жоқ көшесіне күрделі жөндеуден өткізу мақсатында жобалық сметалық құжаттар әзірленуде. Жоба әзірленіп дайын болған соң құрылыс жұмыстарына қаржы бөлу туралы ұсыныс жасалатын болады.
Ғазиев Ергеш, Қатынкөпір шағынауданының көше төрағасы:
Сұрақ: Қазына, Бабыр көшелерінің канализация құбырларын ауыстырып берсеңіздер;
Жауап: Бабыр көшесінің бойымен кәріз құбырлары өтпеген, ал аталған көшенің аяқ жағымен Сыпырған ата көшесі арқылы 2000 мм. кәріз құбыры өткен. Бұл «Су арналары-Маркетинг» ЖШС балансында орналасқан. Ал Қазына көшесі бойынша орналасқан кәріз жүйелері «Бәйтерек» мектебіне арналған болатын. Бүгінгі таңда, «Шұғыла» ш/а кәріз жүйелерімен  қамтамасыз  ету мақсатында ЖСҚ әзірлеуге  2015-2016  жылдың бюджетін қалыптастыру барысында қаржы бөлу туралы ұсыныс берілетін болады.
Есмағамбетов Серік, Орманшы елдімекенінің тұрғыны:
Сұрақ: «Қазығұрт» шағынауданына қарасты Орманшы елдімекенінің өзекті мәселелерінің бірі - көшемізге тас төсеп, асфальт жол салып берсеңіздер екен.
Жауап: «Қазығұрт» шағынауданы  және оған қарасты Орманшы елдімекенінде көшелерге асфальт салу үшін ЖСҚ-ға ұсыныс берілген  соң, 2014 жылдың бюджетін қалыптастыру барысында, «Қазығұрт» шағынауданына және Орманшы елді мекеніндегі көшелер құрылысына ЖСҚ әзірлеуге қаржы қарастыруға ұсыныс жасалуда, аталған жұмыстар қаржы қаралған жағдайда атқарылатын болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.