Бүкіл дүниежүзіне ортақ «Ақындар ауылда туып, Парижде өледі» деген қанатты сөз бар. Құдды, барлық талантты адамдардың бағы үлкен шаһарларда ғана жанатын сияқты.Күні кеше Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, «Парасат» және «Барыс» ордендерінің иегері, ақын, Ханбибі Есенқарақызы ұлтымыздың өнер, әдебиет саласындағы ерен еңбегі үшін ҚР Президентінің Жарлығымен Мемлекеттік стипендия иегері атанды.