Ел болып, етек жеңін жинап, болашақтың сара жолына түсіп бой түзеп, Елбасының еңселі көрегендікпен жоспарланған елулі саясатының, жалынды Жолдауларына негіз болған мақсат мүдделеріне сай, Қазақстан көркейіп өсіп, экономикалық , әлеуметтік хал аһуалы адымдап алға шықандығы баршаға мәлім.

Ел экономикасының дамуындағы елулі көрсеткіштерді саралап, баға беретін, одан әрі ілгерілеуге ықпал жасап екпіндететін әлемдік аренада беделді рейтингтердің бірегейі - «Doing Business» рейтингі.  Қазақстаннның осы  сарапталудан өтуінің  белді себептерінің бірі - қай саланың кем тұстарының дамытуда көрсетілетін қызмет түрінің сұрыпталуында, екіншіден, инвесторларды тарту мақсатында қолайлы жағдай туғызу себептерін анықтауда қолайлы, өйткені кез-келген инвестор қаржы құймас бұрын құқықтарының қаншалықты қорғалатындығын, елдегі бизнестің дамуына жасалған қолдау, жеңілдіктерді, талаптарды  анықтап  барып   іске  кірісері  белгілі.
Осы ретте Қазақстан Республикасының аталған рейтингке қатысуы  арқылы бизнестің дамуына  қолдау  жасау  мақсатында қоланыстағы  бірқатар  заңнамларға түбегейлі өзгерістер енгізілді.
Айталық, бизнесті тіркеу мәселесі бойынша келесі өзгерістер мен жеңілдіктер қарасытырылған:
Кәсіпорын  ашу  мақсатымен мемлекеттік  тіркеуден  өту   электронды үкімет порталы арқылы электронды нұсқада әділет органдары қызметкерлерінің қатысуынсыз 1 сағат ішінде жүргізіледі;
Тіркеу барысында жарғы және тұрған орнын растайтын құжат ұсынылмайды;
Куәлік порталда кез-келген уақытта, кез-келген данада басып шығаруға болатын анықтамамен алмастырылған;
Кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерін алғашқы тіркеу мен таратуды тіркеу алымсыз жүргізіледі;
Бизнестің мөрі міндетті түрде болу керек деген заң талабы жойылды;
Бизнестің бастапқы жарғылық капиталы нөлмен теңестірілді;
Орта кәсіпкерлік субъектісі құрылтайшыларының арасындағы құрылтай шарт нотариалды куәландыру туралы заң талабы жойылды.
Демек, Әділет министрлігі тарапынан  бизнесті тіркеуде және қызметін кедергісіз бастауда  көрсетіліп  жатқан  жеңілдіктер  мен  қолдауда,  азаматтар мен мемлекеттік қызметкерлердің уақыты мен қаражатын үнемдеп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай ақ, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне бизнесте жол ашу  арқылы  еліміздің экономикасын қарқындату көзделген. Келешекте де, қолданыстағы  заңнамаларға бизнесті қолдау және одан әрі дамытуға бағытталған өзгерістер  мен  толықтырулар енгізу  мәселелері  талқыланып  қарастырылуда.

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық

әділет басқармасының бөлім басшысы
«Қазақстан заңгерлерінің одағы»
РҚБ-нің мүшесі  П.Ермаханқызы

Сыбайлас жемқорлық  - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардардың ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі  басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық  қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың  дендеуіне септігін тигізуде. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі.
Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
Елбасы жолдауында: «Заңды бұзған екенсің,оның баптарына сәйкес жауапқа тартыласың» дейтін нақты ереже бар. Олай болмаған күнде біз кеңестік кездегі «заң қалай бұрсаң, солай бұралатын тәртенің» керін қайталайтын оламыз», - деп атап көрсеткен. Ендеше, жемқорлықты жоюды мақсат еткен сот жүйесі де жолдауда беілген тапсырмалардың шындыққа айналып, заңнамалардың талапқа сай орындалуына мүдделілік танытуды міндеті санайды.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Елбасы биылда «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсетті. Яғни бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.
Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылғанымызға жиырма жылдай  уақыт өтті. Өткенімізге көз салсақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орынын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол - Президенетіміз Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.
Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық
әділет басқармасының жетекші маманы
Темірхан Бекмурзаев
«Қазақстан Заңгерлер Одағы»
РҚБ-ң ОҚО филиалының мүшесі.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 127-VI Заңымен Қазақстан Республикасы кодексіне бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. (бұдан әрі - Кодекс) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру мерзімін бұзу» 460-бабына өзгертулер енгізілді. Соның ішінде өзіміздің әділет органдарына қатысты біршама өзгертулер мен толықтырулар орын алды.

 

Атап айтсақ, «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тұлға құқық (құқық ауыртпалығы) туындауы үшін негіз болып табылатын заңдық факт басталған, оның ішінде шартты нотариат куәландырған, сот шешімі күшіне енген, өзге де құқық белгілейтін құжаттар берілген кезден бастап алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен жүгінуге міндетті. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімді бұзуы Қазақстан Республикасының заңында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. Осыған дейін Кодекс бабының нормасы айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікті қарастырса, қазір аталған заңмен бастапқы бұзушылық кезінде «ескерту» түріндегі жаза қарастырылған. Жаңа редакцияда Кодекстің 460-бабы былай көрсетілген: Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды берудің "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімін бұзуы – ескерту жасауға әкеп соғады. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекет –жеке тұлғаларға – он, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Келтірілген статистикадан байқалғандай, айтарлықтай болмаса да өткен жылы қозғалған істер мен айыппұл түрінде ақша салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғалардың өскені көрінеді. «Ескерту» түріндегі Кодекске өзгерістерді қабылдау дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Меншік құқығы» рейтингісінде Қазақстанның позициясын көтеру үшін Әділет министрлігінің шараларының бірі болып табылады.

 Шымкент қаласы Еңбекші аудандық 
әділет басқармасының бас маманы 
Маматаева Майра Ауесбековна
«Қазақстан Заңгерлер Одағы»
 РҚБ-ң ОҚО филиалының мүшесі.

Шымкенттегі аудан әкімдері халықпен күн сайын кездеседі. Қала активінің отырысында шаһар әкімі Ғабидолла Әбдірахымов осындай тапсырма берді.

Жаңа кесте

Осылайша бұған дейін азаматтарды аптасына бір рет қабылдап келген аудан әкімдері ендігі жерде жаңа кесте бойынша жұмыс істейтін болады.
- Бұрын азаматтарды аптасына бір рет, белгіленген кесте бойынша қабылдап келген болсаңыздар, ендігі жерде күн сайын таңертеңгі сағат 9:00-10:00 аралығында жергілікті тұрғындармен кездесу ұйымдастыратын боласыздар. Яғни, тұрғындар өздерін толғандырған өзекті мәселелер бойынша аудан әкімінен тікелей жауап ала алады. Қарапайым халықпен көбірек жұмыс жасаңыздар. Егер тұрғындардың сенімін ақтасаңыздар, дұрыс жұмыс жасағандарыңыз. Халықтың сенімін ақтау - жұмыстың басты көрсеткіші, - деп атап өтті Ғабидолла
Әбдірахымов.Қала əкімі, сондай-ақ, аудан басшыларына өздеріне сеніп тапсырылған аумақтағы халықтың өмір сүру сапасына жеке жауапты екендерін де ескертіп өтті. Айта кетейік, бұған дейін қаладағы 3 ауданға жаңа әкімдер тағайындалған болатын.

А.СӘДУӘЛІ

Тіркеу кезінде заңды тұлғаның құрылуының, филиал мен өкілдікті ашудың мақсатқа сай екендігі туралы мәселе назарға алынбайды, оның өндірістік-шаруашылық қызметін бақылауға алу және оған араласу мақсат етіп қойылмайды.

. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу:заңды тұлғаны құру, қайта тіркеу, құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың тіркеу, қайта ұйымдастыру және қызметін тоқтату, сондай-ақ филиалдар мен өкiлдiктердi құру, есептік қайта тіркеу, құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу және қызметiн тоқтату фактiсiн куәландыру;
Қазақстан Республикасының аумағында құрылған, қайта тіркелген, қайта ұйымдастырылған және өз қызметiн тоқтатқан заңды тұлғаларды, сондай-ақ құрылған, есептік қайта тіркеуден өткен және есептік тіркеуден шығарылған филиалдар мен өкiлдiктердi есепке алу; заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi туралы жалпыға қолжетімді ақпаратты (қызметтiк немесе коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізу мақсатында жүзеге асырылады. Өздерiнiң құрылу мақсатында, өз қызметiнiң түрi мен сипатына, қатысушылар (мүшелер) құрамына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын барлық заңды тұлғалар мемлекеттiк тiркеуге жатады.  Заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi, оларға заңды тұлға құқығы берiлмей-ақ есептiк тiркеуге жатады.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді әділет органдары (тіркеуші орган) жүзеге асырады. 
Банктерді, республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, сонымен қатар, саяси партияларды, шетел және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктерді мемлекеттік (есептік) тіркеу, қайта тіркеу және таратуды тіркеуді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) жүзеге асырады

 Қуандық Нұрсана Ермекбайқызы

ОҚО Әділет департаментінің

Заңды тұлғаларды тіркеу жұмысын
Ұйымдастыру бөлімінің инспектор
Іс-жүргізушісі, ҚР Заңгерлер одағы
ОҚО филиалының мүшесі

Қазақстанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев тапсырған, бес институционалдық реформаларды іске асыру үшін 100 нақты қадамды анықтап берген, жалпыұлттық  жоспарды  жүзеге асыру барысы толықтай жүргізіліп келеді.

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясының көтерілуі басым бағыттардың бірі болып табылады. Жоба «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыруға және мемлекеттік саясатты индустрияландыру қажеттіліктеріне жауап беретін, жұмысшы және кәсіптік-техникалық мамандықтар қоғамындағы әйгілілікті және беделдерін арттыруға бағытталды.

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясының негізінде нақты өндірістік еңбек жатыр. Жобаны жүзеге асыру барысында тәуелсіздік жылдарында мемлекет саясатының себебімен еңбек, кәсіпкердің, ғылыми-оқу және басқа да кәсіптік қызметтердегі ең жоғары нәтижелерге жеткен, қазақстандықтардың (бүгінгі күннің қаһармандары) жетістіктерінің жеке дара тарихы кеңінен түсіндіріледі.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2012 жылғы 10 шілдедегі «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты тұжырымдамалық бағдарламасының мақаласында  Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын жариялады және оны республиканың әлеуметтік жаңғыртылу саясатының негізі деп атады. Елдің әлеуметтік жаңғыртылуының мәні біреудің асырауында болушылықтан белсенді өмірлік орнына жетуге - азаматтардың санасын түбегейлі өзгерту тұспалданады.

Мемлекет басшысы мақалада ХХ ғасырдың 60-шы жылдары кеңінен насихатталған, тұтынушылар қоғамының тұжырымдамасының  бұлдыры бар екені туралы айтты.

«Бүкіл әлем бұл тұтуыну идеологиясы құртатын болып табылатынына, барлық әлем ерекше шиеленіске көздерін жеткізді. Ол әлемнің дамыған елдерінде бұқаралық әлеуметтік біреудің асырауында болуды тудырды және дағдарыстың ең басты себебінің бірі болып табылады. Бұндай жалған идея тек қана бүкіл әлемде емес сонымен қатар дамыған елдерде де іске асырыла алмайтын, құрылымдық баламаны тауып алуға болады. Бұндай балама Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының идеясы болып табылады», - деді Назарбаев.

Оның пікірінше, шетелдік тәжірибе осы үдеріс азаматтардың күшеюін қолдайтынын, олардың шығармашылықты шамаларын ашатынын көрсетеді. Назарбаев – «Сондықтан адамдардың өз құқықтары мен еркіндіктерін белсенді қорғауға деген ұмтылысын көбейтеді, қоғамды өздігінен ұйымдастыру деңгейін арттырады», - деп өзінің мақаласында жазды.

Ол сондай-ақ қоғамда мемлекеттің шексіз емес екенін, ол азаматтардың жағдайының жақсаруына ықпал ететін серіктес деп түсіну керек екенін айтты.

Сондықтан да Президенттің Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының идеясын құру туралы  идеясы өзінің мазмұны мен мағыналық жағынан ұлттық трендті көрсетеді. Бұл әр қазақстан халқы үшін де, мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар үшін де әрекетке өзгеше жетекшілік ету.

Осы стратегиялық құжат тағы да мемлекет басшысының біздің елді дамыту бағытын дұрыс алып келе жатқанын көрсетеді. Бұл құжат маңызды және өзекті салаларды – еңбекті, білімді, жастардың әлеуметтік бағыттарын, денсаулықты, үй мәселелерін қозғайды. Сондықтан елімізде жаңа мектептер,  ауруханалар, мәдени орталықтар салынып жатыр, бұған мемлекеттік кешенді бағдарламалар бағытталды. Әлемдік экономикадағы белгісіздікке қарамастан, оның ішінде сыртқы нарық, Қазақстан оң өзгеріске қол жеткізді.

Қозиев Саят Жасұзақұлы 
Шымкент қаласы Еңбекші аудандық
әділет басқармасының бас маманы
және
«Қазақстан заңгерлерінің одағы»
РҚБ-нің мүшесі 

Заңсыз тауар таңбасы дегеніміз - еліміз бекіткен халықаралық келісімшарттар нормаларын бұза отырып жазылған шығармаларды әуе толқыны және бейнекөрініс арқылы тарату немесе басқаша мақсатта пайдалану. 

Тауар таңбаларын заңсыз сатумен айналысудың басқа жағдайларында ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 158-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.           
Егер ҚР ҚК-нің 3 бабының 38 тармақшасына сәйкес, ірі залал ҚР ҚК-нің 222 бабында көзделген жағдайда азамтақа, яғни жеке тұлғаға айлық есептік көрсеткіштен 100 есе асатын сомада келтерелген залал, немесе ұйымға (ЖШС-не) немесе мемлекетке айлық есептік көрсеткіштен 1000 есе асатын сомада келтерелген залал – келтірілген ірі залал болып табылады.
«Тауар таңбалары, қыз­мет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жер­лердің атаулары туралы» Заң елі­міздегі тауар таңбалары, қыз­мет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жер­лердің атауларын тіркеуге, құқықты қорғауға және пай­да­лануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.
Мысалы, фармацевтикалық өнімдердің тауар таңбасын пайдаланып, дәрі-дәрмектерді сапасыз өндіру, оны пайдаланушы тұрғынның денсаулығына елеулі кері әсерін беруі мүмкін. Айталық, сіз дәрігердің нұс­қауымен асқазанға емдік әсе­рін беретін дәріні сатып ал­ып пайдаландыңыз. Алайда, сізге бұл дәрі дауа болмай, қайта асқазан ауруын қоз­ды­рып жіберді. Осы кезде сіздің пайда­ланған дәріңіздің таза өнім екеніне күмән туады.   Жал­ған өнімдер туралы хабары жоқ адамдардың кейбірі дәрі­нің кері әсерін өзінің ден­сау­лығынан көрсе, кейбірі дәрігер нұсқауының дұрыс бол­ма­ғандығын алға тартады. Осын­дай жалған өнім әсерінен денсау­лыққа үлкен зиян келіп, адам­ның сау органы ауруға шал­дығуы да әбден мүмкін.
Сол сияқты, автокөліктердің қосалқы бөлшектерін, құрылыс заттарын заңсыз өндіріп, саты­лымға шығару, оны сатып алу­шыларды шығынға батыруы мүмкін.Тауар таң­ба­сын пайдаланып, сапасыз өнім­дер­ді өндіру төмендегідей жағдай­ларға әкеп соғады:
- заңсыз өнім құқық иегер­лері болып табылатын ком­па­ния­лардың аттарына кір кел­тіріп, олардың абыройын түсіреді;
- осы өнімдерді пайдалану­шы адамдардың наразы­лық­та­рын тудырып, оларға мораль­дық зиян келтіреді;
- адамның денсаулығына, (өміріне) зиян (қауіп) әкелуі мүмкін;
- құқықбұзушылыққа бар­ған адамдар заң жолымен жазаланады.
Отандық тауар таңбасы шетелдік маркаға айналып кетпеуі тиіс. Ол үшін кәсіпкерлер өз тауарының таңбасын мемлекеттік тіркеуден өткізу қажет. Сонда заң бұзушылық азайып, отандық бизнесмендер өнімдерін еркін экспорттап, елдегі экономиканың дамуына септігін тигізеді.
Заңсыз өнімдерді сатумен айналысудың жағдайларында ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 158-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген, яғни бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердің атауы немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалану болып табылады.
Егер ҚР Қылмыстық Кодексінің 3 бабының 38 тармақшасына сәйкес, ірі залал ҚР ҚК-нің 222 бабында көзделген жағдайда азамтақа, яғни жеке тұлғаға айлық есептік көрсеткіштен 100 есе асатын сомада келтерелген залал, немесе ұйымға (ЖШС-не) айлық есептік көрсеткіштен 1000 есе асатын сомада келтерелген залал – келтірілген ірі залал болып табылады.  

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық
әділет басқармасының жетекші маманы
Темірхан Бекмурзаев
«Қазақстан Заңгерлер Одағы»
РҚБ-ң ОҚО филиалының мүшесі.

Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде индикаторын жақсарту бойынша кешенді шаралар жоспарында заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу рәсімін жеңілдету бойынша қабылданатын шаралар туралы аймақтарда түсіндіру құралдарында баяндау қарастырылған.

Қазіргі таңда Қазақстан экономикасы халықаралық рейтингтерде беделді деп бағаланып, соның бірі-бүкіл әлемді мақұлдатқан «Doing Business» Дүниежүзілік банктің рейтингісі болып табылады. Тұрақты негізде тіркеу рәсімінің жан-жақты оңайлатуы бойынша ізденіс жұмыстары жүргізілуде. Соның нәтижесінде, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» әкімшілік және басқа тосқауылдарды төмендету бойынша жалпы кешендік шаралар қарастырылған.
Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауының түйінді басымдықтарының бірі кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау болып табылады.
Осы мақсатта мемлекеттік органдардың алдына бизнеске көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді барынша оңайлату туралы міндет қойылды. Әділет министрлігі тұрақты негізде кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларын оңайлату мақсатында заңнаманы жетілдіру бойынша жұмысты жүргізуде.

Майра Есполова,

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық
Әділет басқармасының бөлім басшысы,

«Заңгерлер Одағы»РҚБ мүшесі

Страница 1 из 251