Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Үкіметінің жаңа құрамын бекітіп, бірқатар жаңа министрлерді тағайындады. Сондай-ақ, Елбасы жарлығымен Қайрат Қожамжаров Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы, Талғат Донақов ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымын атқарады.