Көшпенділер ойындары – әлем назарында
Среда, 11 Сентябрь 2024 05:07Елорда төрінде өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қыза түсті. Ел спортшылары жалпыкомандалық есепте көш бастап келеді. Қазақ күресі, аударыспақ, жамбы атудан отандық спортшылар жарқын жеңіске жетті. Сонымен, көптен күткен Ұлы дала дүбірі ел спортындағы кезекті тарихи сәттің бірі. Іс-шараның ашылу рәсімі де сән-салтанатымен, ерекшелігімен көптің есінде қалатыны анық.
ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ЖЕРГІЛІКТІ АЗАМАТТАР ОРНАЛАСУЫ ТИІС
Среда, 11 Сентябрь 2024 05:06Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Онда коммуналдық қалдықтарды басқарудағы өзекті мәселелер, жаңа жұмыс орындарын құру жоспарының қорытындысы мен санитариялық-эпидемиологиялық ахуал талқыланды.
ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАР ТЕАТРЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Среда, 11 Сентябрь 2024 05:04Мәдени іс-шараларды сапалы өткізу мақсатында «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК-на қарасты елді мекендерде орналасқан 5 мәдениет үйі мен 5 клуб ғимараты штатымен қоса аудан әкімдіктерінің теңгеріміне өткізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев айтты. Басқарманың 7 айда атқарған қызметіне есеп берген Бауыржан Орынбасарұлы қаланың мәдени-рухани жаңалықтарымен бөлісті. Атап айтқанда музейлер жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында "Шымкент қаласының музейлер бірлестігі" құрылуда.
«ШЫМКЕНТ СИТИ» САЯБАҒЫНДА БИІКТІГІ 100 МЕТР ТУ ТҰҒЫРЫ ОРНАТЫЛАДЫ
Среда, 11 Сентябрь 2024 05:03Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті аралау барысында Абай ауданындағы А-2 айналма жолының бесінші кезеңін және Өтегенов көшесінің жалғасын салу жұмысымен танысты. Жүргізіліп жатқан жұмыс барысымен танысқан соң, жол көлік кептілісін оңтайлы реттеу мақсатында салалық басқарма мен мердігер ұйым басшыларына нысанды белгіленген мерзімде тапсыру үшін жұмысты екі ауысымда ұйымдастыруды тапсырды. Сонымен қатар, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін А-2 жолы бойындағы аумақты абаттандыру, бағдаршам және жол белгілерін орнату бойынша бірқатар міндеттер қойылды.
«ЕЛ - ЖАҢАРУ ЖОЛЫНДА» ТАҚЫРЫБЫНДА АЙТЫСКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Среда, 11 Сентябрь 2024 05:02Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен «Ел - жаңару жолында» тақырыбында маңызды кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды ұлттық құндылықтар мен мәдениетке баулу, олардың патриоттық рухын арттыру, ұлтшылдыққа негіздеу болды.
ШЫМКЕНТТЕГІ ЖЫЛЫЖАЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ: әлеуеті қандай, проблемалары қайсы?
Среда, 11 Сентябрь 2024 05:01Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция тарту – өте маңызды міндет. ...Биыл егіс науқанына екі есе көп қаражат бөлінді. Алайда агроөнеркәсіпке бөлінетін бүкіл ақшаның 70 пайызы – мемлекет қаржысы. Бұл салаға коммерциялық банктердің қаражатын да тарту қажет. Диқандарға өсімі аз несие беру үшін мемлекеттік қаржы институттарын субсидиялау шаралары қолға алынды. Банктерге қатысты осындай тәжірибені қолдану керек. Мұның бәрі шаруаларды айналымға қажетті қаражатпен шұғыл қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық қатерін азайтуға және несие алуды оңтайландыруға жол ашады. Агроөнеркәсіп кешенін тікелей субсидиялау тәсілінен арзан несие беру тәсіліне біртіндеп көшу – аса маңызды міндет. Бөлінген қаражаттың бәрі тиімді жұмсалуға тиіс» деп аграрлы саланы дамытудың ең маңызды мәселесіне қатысты нақты міндеттерді көрсетіп берді.
ТӘРТІП БАР ЖЕРДЕ ТЫҢҒЫЛЫҚТЫ ТІРЛІК ТЕ БОЛАДЫ
Среда, 11 Сентябрь 2024 05:00Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте халыққа дәстүрлі Жолдауын жолдады. Құрғақ сөздің емес, нақты істің адамы ретінде халық Президенттен жақсы хабар, тың бастама күтті және сол үміт ақталды деп айта аламын.
ШЫМКЕНТТЕ АЭС САЛУДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ ҚҰРЫЛДЫ
Среда, 11 Сентябрь 2024 04:58Шымкент қаласында саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер халықты АЭС-ті қолдауға жұмылдыру мақсатында бірікті. Халықтық штабтың алғашқы отырысында алдағы жұмыс жоспарлары бекітіліп, межелі мақсаттар нақтыланды.