Версия для печати

АИТВ жұқпасы туралы не білеміз?

Вторник, 02 Апрель 2024 06:41 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 2383 раз
Оцените материал
(0 голосов)

АИТВ инфекциясы – адамның ағзасын түрлі инфекциядан қорғайтын иммундық жүйені зақымдайтын инфекция. АИТВ инфекциясы иммундық жүйенің СД4 клеткаларын зақымдайды. АИТВ инфекциясы асқынған жағдайда ЖИТС-ке әкеліп соқтырады.

 

ЖИТС (СПИД ) – жұқтырылған иммундық тапшылық синдромы. Бұл кезең науқаста оппортунистік аурулардың бой көтеруі мүмкін. Яғни туберкулез, онкологиялық аурулар, пневмония аурларына шалдығу деңгейі жоғарылайды.
АИТВ үш жолмен – қан және оның компоненттері; қорғалмаған жыныстық жол; анадан балаға берілу жолы арқылы жұғады.
Науқасқа АИТВ-ға тексерілмеген адамның қанын құйған жағдайда немесе иньекциялық есірткі тұтынушылар бір шприцті бірнеше адам пайдаланғанда жұғады. Сонымен қатар, дертті жыныстық жолмен жұқтырып алмау үшін адамның бір ғана жыныстық серіктесі болуы керек. Егер әйел жүктілік кезінде АИТВ жұқтырса, онда босану кезінде балаға да АИТВ жұғуы мүмкін.
АИТВ-ға шалдыққан адамды түр келбетіне қарап анықтау мүмкін емес. АИТВ инфекциясы ұлт, нәсіл, жыныс, жас талғамайды. АИТВ инфекциясы тұмау тәрізді ауа тамшылы жолмен жұқпайды, тек қана жоғарыдағы биологиялық сұйықтықтар арқылы жұғады.
АИТВ сараптамасы:
- Түрлі жұқпалардың алдын алып, дер кезінде емдеу үшін;
- АИТВ жұқтырған жағдайда аурудың дамуын бәсеңдететін вирусқа қарсы препараттарды дер кезінде қолдану үшін;
- өзіне жақын адамдарына, туыстарына, дос-жарандарына жұқтырмау үшін;
- АИТВ жұқтырған анадан балаға жүктілік, босану, емізу кезінде алдын алу үшін қажет.
Қоғамда АИТВ-ның жыныстық жолмен жұғуы кең етек алып, жүктілік кезінде жұқтырғандардың көбеюіне байланысты 2021 жылдың қаңтар айынан бастап жүкті әйелдердің жыныстық серіктестері де( күйеулері ) АИТВ-ға тексерілуі міндеттелді. Әрбір адам өзінің АИТВ статусын білуге құқылы. Емдеу мекемелерінде АИТВ- ға тексерілу тегін жүргізіледі.

А.ТОҚБЕРГЕНОВА,
Түркістан облыстық клиникалық ауруханасы
№4 емханасының аға мейіргері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.