Қазақстан республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу» туралы Заңының 6-1 бабына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу «электрондық үкімет» веб-порталында толтырылатын электрондық хабарлама беру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу хабарлама тәртібімен жүзеге асырылады және портал арқылы бір жұмыс күнінде көрсетіледі. Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) тіркеуші органға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлей отырып, порталда электрондық құжат нысанын толтыру арқылы хабарлама береді. 

         Сонымен қатар, уәкілетті тұлғаның  ЭЦҚ куәландырылған электронды құжат нысанында порталдан келесідей анықтамалар алуға болады:
1)     Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы;
2)     Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің бар екендігі туралы;
3)     Заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы;
4)     Жеке тұлғаның заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысуы туралы;
5)     Заңды тұлғаны әрекетсіз заңды тұлға деп немесе оның қатысушыларын әрекетсіз заңды тұлғаларға қатысы бар деп тану туралы (link is external);
6)     Құрылатын заңды тұлғаның атауы тіркелген шаруашылық субъектінің атауымен сәйкес келуі туралы (link is external);
7)     Көрсетілген мерзімге заңды тұлғаның тіркелгені туралы (link is external);
8)     Заңды тұлғаның барлық тіркелген әрекеттері туралы (link is external);
9)     Құрылтай құжаттарына соңғы толықтырулар мен өзгерістердің енгізілгені туралы (link is external);
10)Заңды тұлғаның үлесіне салынған ауыртпалықтар (тыйым салу) туралы (link is external);
11)Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы (link is external);

         Сондай-ақ заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын тіркеуді де электрондық түрде жүзеге асыру қазіргі таңда мүмкіндігі туындады.

     Ол үшін, порталда авторлану (link is external) және қызметке онлайн тапсырыс беру арқылы, электрондық өтінімді толтырып, келесі құжаттарды қоса тіркеу қажет:

- заңды тұлғаның қызметін тоқтату туралы БАҚ хабарландырудың жариялануын растайтын құжат;

- мүліктің иесі заңды тұлғаның немесе заңды тұлғаның мөрімен расталған құрылтай құжаттарымен осыған уәкілеттенген заңды тұлғаның органы немесе иесі өкілеттеген органның шешімі;

- заңды тұлғаның мөрін жою туралы құжат;      

ОҚО Әділет департаментінің

Заңды тұлғаларды тіркеу жұмысын

Ұйымдастыру бөлімінің іс жүргізушісі

ҚР Заңгерлер одағы ОҚОФ-ның мүшесі

Қуандық Нұрсана Ермекбайқызы

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (The Global Competitiveness Index) – жаһандық зерттеулер және әлем елдерінің экономикалық бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші бойынша онымен қоса жүретін оның рейтингі. Жалпыға бірдей қол­же­тімді статистикалық мәліметтерге және компа­ния­лар басшыларының жаһандық сауалнама нәти­желеріне – Бүкіләлемдік экономикалық форум әріптес ұйымдар желілерімен – есепте талдау жасалатын елдердің жетекші зерттеу институттарымен және ұйымдармен бірлесіп өткізетін жыл сайынғы кең ауқымды зерттеулер комбинациясына негізделіп, Бүкіләлемдік экономикалық фо­рум­ның әдістемесіне есептелген.

Зерттеулер 2004 жылдан бері жүргізіледі және қазіргі кезде әлем­нің түрлі 140-144 елдері бойынша бәсекеге қабі­леттілік көрсеткішінің неғұрлым толық кешенін бей­нелейді.

ДЭФ БЖИ 119 көрсеткіштен құралады. Оның 34-і статистикалық мәліметтер қорытындысы бойынша, қалғаны еліміздің орта және ірі кәсіпорындары жетекшілеріне сауалдама жүргізу нәтижесі бойынша есептеледі.

ҚР Әділет министрлігіне келетін болсақ: 119 көрсеткіштің 4 индикаторы бойынша жауапты орындаушы болса, 3 индикаторы бойынша қосымша жауапты болып табылады. Атап айтқанда:

Жауапты орындаушы болып табылатын индикаторлар:

«Әкімшілік дауларды реттеуде заңнаманың тиімділігі» индикаторы

«Даулы мәселелерді шешуде заңнаманың тиімділігі» индикаторы

«Меншік құқығы» индикаторы

«Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторы

Қосымша жауапты орындаушы болып табылатын индикаторлар:

«Мемлекеттік органдармен қабылданатын шешімдерінің айқындығы» индикаторы

«Қоғамның саясатка сенімі» индикаторы

«Мемлекеттік қызметшілер шешімдеріндегі фаворитизм» индикаторы

Жоғарыда аталған индикаторлардың бірі«Даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі» индикаторына тоқталып өтсек,біріншіденҚР Жоғарғы сотымен жаңа азаматтық-процессуалдық кодексінің жобасы дайындалған. Аталған кодекске енгізілген нормалар «Даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі» индикаторы көрсеткіштерін көтеруге өз септігін тигізеді.

Кодексте азаматтық сот ісін жүргізу міндеттері мен қағидалары жаңа талаптармен толтырылған.

Әсіресе, дауларды реттеудің соттан тыс және сотқа дейінгі тәртібі, сот отырысы кезіндегі татуласу рәсімдері туралы қағидалар тиімді қолданылған.

Жаңа процессуалдық заң тараптарға дауларды сотқа дейін реттеуге, осы дауды қысқа мерзім ішінде, аз материалдық және моральдық шығындармен шешуге мүмкіндік береді.

Дауларды сотқа дейін және сот отырысы кезінде реттеудің процессуалдық жолдары ретінде Заңда: татуластыру рәсімдері (жеке тарау), медиаторлардың қатысуымен және сот жүргізетін медиацияны қолдану, тараптар және адвокаттардың қатысуымен партисипативтік рәсімдерді қолдану қағидалары қарастырылған.

Процессуалдық Заңда азаматтық дауларды жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қараудың қағидалары толықтырылып, бұйрық шығару және жазбаша іс жүргізу арқылы кейбір санаттағы істерді шешудің жолдары өз шешімін тапқан.

Екіншіден,ҚР Әділет министрілігмен «Төрелік туралы»Заңының жобасы дайындалған.

Заң жобасын әзірлеу төрелік пен аралық сот қызметін құқықтық реттеудегі бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету мақсатында арнайы екі заңды шоғырландыруға бағытталған. Осындай шоғырландыру дауларды соттан тыс шешу жүйесін нығайту процесіне оң әсерін тигізеді.

Заң жобасының негізгі мақсаты – кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай туғызу, иннвистиция тартуды ынталандыру және де мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру болып табылады.

Заң: кәмелетке толмаған адамдардың, заңда белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған адамдардың мүдделерін қозғайтын; мүліктік қатынастарға байланысты емес жеке мүліктік емес қатынастардан туындайтын; банкроттық және оңалту туралы; табиғи монополиялар субъектілері мен олардың тұтынушылары арасындағы дауларды қоспағанда, барлық мүліктік дауларды қарастырады.     

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық

әділет басқармасының жетекші маманы

Темірхан Бекмурзаев

«Қазақстан Заңгерлер Одағы»

РҚБ-ң ОҚО филиалының мүшесі.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 73-бабы, 6-тармағы, 2-тармақшасына сәйкес,
Шымкент қаласының сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттар ретінде тіркеді:
1. Ғалымжан Тастанұлы Майханов, Шымкент қаласының тұрғыны, 1969 ж.т., «Ауғанстан соғысы ардагерлерінің одағы» төрағасы;
2. Владимир Анатольевич Доронин, Шымкент қаласының тұрғыны, 1964 ж.т., уақытша жұмыс істемейді;
3. Бижан Мергенбайұлы Жылкелдиев, Шымкент қаласының тұрғыны, 1984 ж.т., «Global.A» ЖШС директоры;
4. Асқарбек Жүсіпұлы Үркімбаев, Шымкент қаласының тұрғыны, 1953 ж.т., «Шымкент сауда» ЖШС директоры;
5. Ғани Әжединұлы Қарабеков, Шымкент қаласының тұрғыны, 1968 ж.т., «Санаторий Манкент» АҚ бас директорының орынбасары;
6. Серік Исмаилұлы Алданов, Шымкент қаласының тұрғыны, 1983 ж.т., «БанкЦенрКредит» АҚ ҚҚБ бастығы;
7. Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды, Шымкент қаласының тұрғыны, 1974 ж.т., уақытша жұмыс істемейді;
8. Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров, Шымкент қаласының тұрғыны, 1964 ж.т., Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы.

Шымкент қаласының
сайлау комиссиясы

Құрбандыққа мал шалу тәртібі

Пятница, 17 Август 2018 04:47

Құрметті қала тұрғындары! Сіздерді алда келе жатқан күллі мұсылманның ұлық мерекесі, қасиетті Құрбан айты мерекесімен құтықтаймыз.

Құрбан айты мерекесінде құрбандық шалу кезіндегі ескертпелерге құлақ түрулеріңізді сұранамыз.
Мереке қарсаңында мешіт және медресе аумағында мал сатуға, қан шығарып, союға тыйым салынады. Себебі, қан-жынды тастауға арнайы орындардың болмауынан түрлі инфекциялық аурулар таралуы мүмкін. Құрбандық малы тек арнайы рұқсаты бар орындарда сойылуы тиіс. Осы талапты бұзғандарға ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 406-бабына сәйкес әкімшілік жаза қолданылатынын назарларыңызға жеткіземіз.
Қосымша ақпараттарды мына байланыс нөмірлерінен алуға болады: 39-06-20, 39-04-21, 39-37-86.
Шымкент қаласы аумағында арнайы мал сою орындарының мекенжайлары және қызмет көрсету бағасы жөніндегі мәлімет:

1 «Халал Қассаб» ЖШС мал сою бекеті Ірі қара мал - 5000 тң
Уақ мал - 1500 тң Юнусалиев А
8 701 587 4893 Шымкент қаласы, Қаратау ауданы,
Бозарық елдімекені

2 «Байтерек Агро»
АШӨК
мал сою бекеті ІҚМ - 3000-4000 тң
Уақ мал - 1000 тң А.Тайжанов
8 701 479 62 10 Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын үй
алабы, 72/5

3 «Замин» ЖШС
мал сою бекеті ІҚМ - 2000 тң
Уақ мал - 1000 тң
Д.Құдайбергенов
8702 454 80 60 Қаратау ауданы, Сайрам елдімекені,
Сатыбалдиева көш, №13

4 «Марат KZ» ЖШС-нің Дархан» мал сою алаңы ІҚМ - 2000-3000 тң
Уақ мал – 1000 тң А.Ж.Мамедов
8 701 794 39 92 Әл-Фараби ауданы, Рашидов көшесі, №55

5 «РАУ» шаруа қожалығының
мал сою алаңы ІҚМ - 2000-3000 тң
Уақ мал - 1000 тң Омаров Ильясбек
Үй тел: 42-63-81
8 702 630 52 21 Еңбекші ауданы, Қаратөбе тұрғын алабы, 259, №33 пәтер

6 Жеке кәсіпкер «М.Миркаликов»
мал сою алаңы ІҚМ - 2000-3000 тң
Уақ мал - 700 тң М.Миркаликов
8 778 963 27 27 Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын үй алабы, Жаңақұрылыс, н/ү

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (The Global Competitiveness Index) – жаһандық зерттеулер және әлем елдерінің экономикалық бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші бойынша онымен қоса жүретін оның рейтингі. Жалпыға бірдей қол­же­тімді статистикалық мәліметтерге және компа­ния­лар басшыларының жаһандық сауалнама нәти­желеріне – Бүкіләлемдік экономикалық форум әріптес ұйымдар желілерімен – есепте талдау жасалатын елдердің жетекші зерттеу институттарымен және ұйымдармен бірлесіп өткізетін жыл сайынғы кең ауқымды зерттеулер комбинациясына негізделіп, Бүкіләлемдік экономикалық фо­рум­ның әдістемесіне есептелген.

Зерттеулер 2004 жылдан бері жүргізіледі және қазіргі кезде әлем­нің түрлі 140-144 елдері бойынша бәсекеге қабі­леттілік көрсеткішінің неғұрлым толық кешенін бей­нелейді. ДЭФ БЖИ 119 көрсеткіштен құралады. Оның 34-і статистикалық мәліметтер қорытындысы бойынша, қалғаны еліміздің орта және ірі кәсіпорындары жетекшілеріне сауалдама жүргізу нәтижесі бойынша есептеледі.

ҚР Әділет министрлігіне келетін болсақ: 119 көрсеткіштің 4 индикаторы бойынша жауапты орындаушы болса, 3 индикаторы бойынша қосымша жауапты болып табылады. Атап айтқанда:

Жауапты орындаушы болып табылатын индикаторлар:

«Әкімшілік дауларды реттеуде заңнаманың тиімділігі» индикаторы;

«Даулы мәселелерді шешуде заңнаманың тиімділігі» индикаторы;

«Меншік құқығы» индикаторы;

«Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторы;

Қосымша жауапты орындаушы болып табылатын индикаторлар:

«Мемлекеттік органдармен қабылданатын шешімдерінің айқындығы» индикаторы;

«Қоғамның саясатка сенімі» индикаторы;

«Мемлекеттік қызметшілер шешімдеріндегі фаворитизм» индикаторы.

Жоғарыда аталған индикаторлардың бірі - «Даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі» индикаторына тоқталып өтсек,біріншіден,ҚР Жоғарғы сотымен жаңа азаматтық-процессуалдық кодексінің жобасы дайындалған. Аталған кодекске енгізілген нормалар «Даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі» индикаторы көрсеткіштерін көтеруге өз септігін тигізеді.

Кодексте азаматтық сот ісін жүргізу міндеттері мен қағидалары жаңа талаптармен толтырылған. Әсіресе, дауларды реттеудің соттан тыс және сотқа дейінгі тәртібі, сот отырысы кезіндегі татуласу рәсімдері туралы қағидалар тиімді қолданылған. Жаңа процессуалдық заң тараптарға дауларды сотқа дейін реттеуге, осы дауды қысқа мерзім ішінде, аз материалдық және моральдық шығындармен шешуге мүмкіндік береді.

Дауларды сотқа дейін және сот отырысы кезінде реттеудің процессуалдық жолдары ретінде Заңда: татуластыру рәсімдері (жеке тарау), медиаторлардың қатысуымен және сот жүргізетін медиацияны қолдану, тараптар және адвокаттардың қатысуымен партисипативтік рәсімдерді қолдану қағидалары қарастырылған.

Процессуалдық заңда азаматтық дауларды жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қараудың қағидалары толықтырылып, бұйрық шығару және жазбаша іс жүргізу арқылы кейбір санаттағы істерді шешудің жолдары өз шешімін тапқан.

Екіншіден,ҚР Әділет министрілгі «Төрелік туралы»Заңының жобасын дайындады. Заң жобасын әзірлеу төрелік пен аралық сот қызметін құқықтық реттеудегі бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету мақсатында арнайы екі заңды шоғырландыруға бағытталған. Осындай шоғырландыру дауларды соттан тыс шешу жүйесін нығайту процесіне оң әсерін тигізеді.

Заң жобасының негізгі мақсаты кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай туғызу, иннвистиция тартуды ынталандыру және де мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру болып табылады. Заң кәмелетке толмаған адамдардың, заңда белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған адамдардың мүдделерін қозғайтын; мүліктік қатынастарға байланысты емес жеке мүліктік емес қатынастардан туындайтын; банкроттық және оңалту туралы; табиғи монополиялар субъектілері мен олардың тұтынушылары арасындағы дауларды қоспағанда, барлық мүліктік дауларды қарастырады.

Темірхан Бекмурзаев,
Шымкент қаласы Еңбекші аудандық
әділет басқармасының жетекші маманы,
«Қазақстан Заңгерлер Одағы» РҚБ-ң
ОҚО филиалының мүшесі

Қазақстан Республикасының әділет органдары дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсартудың негізгі 4 индикаторы бойынша жұмыстар жасауда. «Әкімшілік реттеуді дауласу кезіндегі заңнаманың тиімділігі», «Меншік құқығы», «Даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі», «Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторлары көрсеткішін жақсарту бойынша іс-шараларды Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әділет басқармасы жоспарлы түрде ұйымдастырып келеді. Соның ішінде «Әкімшілік реттеудегі заңнаманың тиімділігі» индикаторы да бар.

 

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»  кодексі Қазақстан Республикасының Конституциясына халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларына негiзделедi. Қазақстан Республикасының аумағында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға осы кодекс бойынша жауапқа тартылды. ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 6-бабында адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, халықтың денсаулығын, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншiктi, қоғамдық тәртiпті және қауiпсiздiктi, мемлекеттiк билiктi және мемлекеттік басқаруды жүзеге асырудың белгiленген тәртiбiн, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерiн әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу көрсетілген. Осы мiндеттi жүзеге асыру үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнама әкiмшiлiк жауаптылықтың негiздерi мен қағидаттарын белгiлейдi, қандай іс-әрекеттердiң әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар болып табылатынын және оларды жасағаны үшiн қолданылатын жаза түрлерiн, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғаға қандай әкiмшiлiк жаза қолданылуы, қай мемлекеттiк органның (лауазымды адамның) және қандай тәртiппен қолдануы мүмкiн екенiн айқындайды.

Сонымен қатар ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңы жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру және қорғау мақсатында олардың өтiнiштерiн беру мен қарауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi. Аталған заңның 12-бабына сәйкес, өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмдерге шағым жасау тәртібі қарастырылған, яғни лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектiге, жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi субъектiнiң немесе заңды тұлғаның iс-әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған кезден бастап, үш айдан кешiктiрiлмей шағым берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектi немесе заңды тұлға үшiн шағымды қараудан бас тартуға негiз болып табылмайды. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздердiң бiрi болып шығуы мүмкін. Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъект болмаған не арыз берушi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда арыз тiкелей сотқа берiледi. Лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ мемлекеттік органдардың актілеріне (шешімдеріне) шағым беру және оны қарау тәртібі "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.

 

Жанна Мырзақұлова,
Шымкент қаласы Еңбекші ауданының
әділет басқармасының мұрағатшысы,
«Қазақстан Заңгерлер Одағы» РҚБ-ң
ОҚО филиалының мүшесі

 

Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс 36-сессиясы өтті. Сессия отырысына қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, Шымкент қаласы сайлау комиссиясының төрағасы, комиссия мүшелері, зиялы қауым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

DSC 5962-1

Таяуда ғана Елбасының Жарлығымен Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау тағайындалған еді. Осыған орай қала тарихында алғаш рет Парламент Сенатының депутаттығына үміткерлер ұсынылды.
Сессияның күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Олар Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттығына 2014 жылғы 1 қазанда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне кандидат ұсыну және Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттығына 2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне кандидат ұсыну болатын.
Сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Шымкент қаласы мәслихатының 29 депутаты бірауыздан Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттығына 2014 жылғы 1 қазанда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне бұған дейін Шымкент қаласының әкімі, ОҚО әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдыны кандидат ретінде ұсыну туралы шешім қабылдады.
Сессияның күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Шымкент қаласы мәслихатының 29 депутаты Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттығына 2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне Шымкент қаласының мәслихатын 20 жылдай басқарған мәслихат хатшысы Нұрлан Құдиярұлы Бекназаровты кандидат ретінде ұсыну туралы бірауыздан шешім қабылдады.
Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына сайлау 2018 жылғы 5 қазанда өтеді.
Сессия жұмысына қатысқан қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов екі азаматтың үміткерлерігін қолдап, олардың қайраткерлігін жоғары бағалады.
– Таяуда ғана тарихи құжатқа қол қойған Елбасына өз алғысымызды білдіреміз. Шымкент қаласының тарихында алғаш рет ҚР Парламенті Сенатына өз азаматтарымыз сайланбақ. Ұсынылған екі кандидат та шаһардың дамуына елеулі үлес қосқан, белгілі азаматтар. Бұл азаматтар Парламент мінберінде жүріп те, қаламыздың дамуына үлес қоса береді деп сенеміз. Алдағы сайлауды жоғары деңгейде өткізуге күш саламыз, – деді қала әкімі Ғ.Әбдірахымов.
Айта кетейік, Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 2018 жылғы 5 қазанда өтеді.

Шымкент қаласында 2 500 пәтерден тұратын 40 үй салынады. Мегаполис әкімі Ғабидолла Әбдірахымов және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

IMG-20180808-WA0029

Келісімге сәйкес жалпы аумағы 150 мың ш.м. болатын үйлер салынады. Көпқабатты баспаналар Shymkent City қалашығы мен әкімшілік-іскерлік орталықта бой көтермек.
Айта кетейік, бұл пәтерлер тек «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттеріне ғана беріледі. Бағасы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттері үшін 1 шаршы метрі 140 000 теңгені құрайды.
Құрылыс көпке созылмайды. Жауапты мамандар алғашқы 598 пәтер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клиенттеріне биыл беріледі деп мәлімдеді. Осы мақсатта қаланың әкімшілік-іскерлік орталығында 11 үй салынуда. Құрылысшылар бұл нысандарды 2018 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беруді жоспарлап отыр.
– «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысып, үй алу үшін клиенттің Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі есеп-шотында пәтер бағасының 20% көлеміндегі бастапқы жарна болуы жеткілікті. Мысалы, 1 бөлмелі пәтердің бағасы 5,6 млн теңге деп алсақ, онда депозитте 1,1 млн теңге жинау керек. Осыдан кейін банк 5% жылдық мөлшерлемемен жеңілдетілген заем береді, – деп Ләззат Ибрагимова мемлекеттік бағдарламаға қатысу шарттарын түсіндіріп өтті.
Қалған 1 880 пәтердің құрылысы ShymkentCity қалашығында 2019 жылы басталып, сол жылы пайдалануға беріледі деп отыр. «Нұрлы жер» бағдарламасының шарттарына сәйкес, бұл пәтерлерден мына талаптарға сай келетін азаматтар үміткер бола алады:
– ҚР азаматы немесе оралман мәртебесіне ие азаматтар;
– өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде соңғы 5 жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында жекеменшік үйінің болмауы;
– төлем қабілеттілігін растай алуы тиіс.
Айта кетейік, банктің бұл талаптарға сай келмеген салымшылары баспананы басқа бағдарламалар арқылы ала алады.

Страница 1 из 254