Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде «Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмысының тиімділігін арттыруға ерекше назар аудару керек. Статистика көңіл көншітпейді. ...Жағдайды түзеу үшін алдын алу шараларын кешенді түрде жүргізу қажет. Уақтылы шаралар қабылданса, отбасылық және тұрмыстық ұрыс-керіс кезінде жасалған қылмыстардың көпшілігінің алдын…
Шымкент қаласы мегаполис статусына ие болғалы көптеген өзгерістер енгізіліп келеді. Соның ішінде біршамасы Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қатысты болып отыр. Жыл басынан бері қандай жұмыстар атқарылды, әуежай терминалы қашан іске қосылады? Осы және өзге де сұрақтарға басқарма басшысы Ролан ИБРАГИМОВ сұхбат…
Обыр дерті жер бетіндегі кісі өлімінің басты себебіне айналды. Ал, дүниежүзіндегі әйелдердің әзірейіліне айналған жатыр мойны обыры – вакцина егу арқылы алдын алуға болатын ісіктің жалғыз түрі. Себебі ауруды қандай инфекция қоздыратыны анықталған. Ол – адамның папиллома вирусы. Жатыр мойны обыры 25 пен 44 жас…
Қоғамның ең басты құндылығы адам дейтін болсақ, барша қоғамның алдындағы өзекті мәселенің бірі – азаматтардың денсаулығын сақтау болып табылады. Дәрігер мамандығы – адамға деген шексіз сүйіспеншілік, қайырымдылық, өзгенің қамы деп соғатын ыстық жүректі ізгі ниет пен адамгершілікті қажет ететіні сөзсіз. Сондықтан да қоғамдағы өзге мамандықтар…
Мемлекеттік грант. Қайтарымсыз ақша. Бір жарым миллионға жуық теңге бизнес-жобаңызды сәтті қорғай алсаңыз беріледі. Бірақ, шүлен көже емес. Мәселен, өтініш жазған 100 адамның 17-18-іне ғана тиесілі дүние. Былтыр Шымкентте 452 адам грант алған. Биыл екі лекпен беріледі. Үміткерлерден «business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн құжаттар қабылданып жатыр.
Халықтың қажеттіліктеріне жауап беретін трансформацияланған емханаларда ашылған «Үздік тәжірибелік орталық» – қазақстандық медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетудің жаңа (бұдан әрі – МСАК) моделі.
Шымкентте қалалық перинаталдық орталықта «Бір күндік клиника» жобасы іске қосылды. Енді жүктілікті жоспарлап жүрген аналар алдын-ала анализ тапсырып, денсаулығын тегін тексерте алады. Жобаның артықшылығы: болашақ аналар сәбидің саулығын бақылау үшін айлап, апталап медициналық зерттеудің талдауын күтпейді. «Бір күндік клиника» барлық талдаудың нәтижесін 30-40 минутта анықтап…
Шымкент қаласы бойынша соңғы үш жылда атқарылған жүйелі іс-шаралардың нәтижесінде ана мен бала өлімі азайған. Нәресте өлімі 19,3, ана өлімі 80,4 пайызға төмендеген. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасында өткен баспасөз мәжілісінде айтылды.
Баспаналы болуға ниеттеніп жүрген жандар үшін қуанышты жаңалық. Елімізде «Наурыз» және «Отау» атты жаңа тұрғын үй бағдарламалары іске қосылып, халық өтініштерін жолдап үлгерді. Жаңа бағдарламаға барлық қазақстандықтың қатысуға мүмкіндігі бар. Бұл жөнінде «Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары» тақырыбында өткен көшпелі баспасөз конференциясында айтылды.
Дизайнер Жаннұр Лесбекова қыз-келіншектерге тігін тігудің қыр-сырын үйретуде. Күнделікті сұранысқа ие төсек жабдықтары мен перделердің сан түрлі үлгілерін тігуді меңгерген Жаннұр жұмыспен қамту шаралары аясында арнайы курстардан өтіп, былтыр қайтарымсыз грант қаржысы арқылы шағын кәсібін үлкен оқу орталығына айналдырды.