Версия для печати

Қоғамдық тамақтану орындарын орынсыз тексеру азайған Избранное

Среда, 12 Сентябрь 2018 05:05 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 3398 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Биыл 24 мамырда Мемлекет басшысы бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейтуге, сондай-ақ әкімшілік кедергілер мен бизнес шығындарын қысқартуға бағытталған Кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері туралы заңға жариялы түрде қол қойған болатын. Заң күшіне енгеннен бастап-ақ Шымкенттегі бірқатар мекемелерде тексерулер едәуір азайып, мемлекет тарапынан көрсетілетін қызмет түрі мейлінше жеңілдей түсуде.

123

Шымкентте бүгінде жалпы саны 800-ге жуық тамақ өнімдерін өндіретін қоғамдық тамақтану орындары бар. Оның ішінде 332 нысан отыратын орын саны 50 және одан аз объекті қатарында қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне тіркелсе, 424-і халық көп тамақтанатын орта саналады. Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің тағам объектілерінің санитарлық қадағалау бөлімінің бас маманы Қызбек Зекенованың айтуынша, есептегі кезеңде 114 нысан жоспарланып, 55 тексерумен қамтылған. Бұл тиісінше биылғы қабылданған заң аясында жүзеге асырылуда.
– ҚР ДСМ-нің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 836 «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сай нысандар эпидемиологиялық маңыздылығы жоғары және эпидемиологиялық маңыздылығы елеусіз нысандар болып 2-ге бөлінеді. Оның ішінде, эпидемиологиялық маңыздылығы жоғары нысандар қауіптілігі жоғары және орта топтарға бөлінген. Ескі Кәсіпкерлік Кодексіне сай жоғары топтағылар тіркелгеніне 3 жылдан асқан жағдайда жарты жылда 1 реттен, ал эпидемиологиялық маңыздылығы орта топтағылар жылына 1 реттен тексерумен қамтылып отырған. Ал, эпидемиологиялық маңыздылығы елеусіз нысандар тек арыз-шағымдар, прокуратура органдарынан ұсыныстар түскен жағдайларда ғана тексерілді.
Елімізде кәсіпкерлікті қолдау мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша Кәсіпкерлік Кодексіне өзгерістер енгізілгеннен бастап тек эпидемиологиялық маңыздылығы жоғары топтағы нысандар ерекше тәртіп бойынша тексерумен қамтылады, – дейді Қ.Зекенова. – Балалар сүт асүйлері, балалар сауықтыру және санаторлық нысандар (жыл бойғы, маусымдық), барлық түрдегі мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту орталықтар, балалар мен жасөспірімдердің тұруымен барлық түрдегі және типтегі білім беру және тәрбиелеу ұйымдары, Ұйымдасқан ұжымдардағы (мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдары, интернаттық ұйымдар, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, вахталық кенттер, құрылыс алаңдары, өнеркәсіптік объектілердегі) қоғамдық тамақтану және сауда орындары, кремді кондитерлік өнімдерді өндіру дүкендері, дәрілік заттарды дайындау және көліктегі қоғамдық тамақтану (теміржол, әуе, су және автомобиль), борттық тамақтану объектілері, жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар және көлік құралдары (теміржол, әуе, су), әлеуетті радиациялық қауіптілігі бойынша І және ІІ санаттағы радиациялық қауіпті аймақтар, тері және сілемейлі қабықтың бұзылуына байланысты қызмет көрсететін емдеу-косметологиялық объектілері, сұлулық салондары, косметологиялық орталықтар, соның ішінде татуаж және татуировкалар жасайтын косметикалық салондар, наркологиялық ауруханаларды (диспансерлерді), психиатриялық ауруханаларды (диспансерлерді) қоспағанда, стационарлық көмек көрсететін; қан қызметі саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары жоспарлы түрде бақылауда болады.
Бұл дегеніңіз кәсіпкерлердің есігіне тыным бермейтін тексерушілердің санының қысқарып отырғанын көрсетеді. Сала мамандары санитарлық тексерістер алдын ала көрсетілген уақытта, яғни ережеге сәйкес жүргізілетінін айтуда.
– Профилактикалық тексерулер нысанға бармай жүргізілетін тексерулер, яғни азаматтар тарапынан рұқсатнама құжаттарын алуда, мемлекеттік қызметтер алуда тек құжаттарды саралап жүргізілетін тексерулер және нысанға бару арқылы, бекітілген тексеру парағына сай жүргізілетін тексерулер болып екі жағдайда жүргізелді. Бұл тексеру кезінде нысандардағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдайлар толықтай көріліп, нысан иелеріне ешқандай әкімшілік шаралары қолданылмай, анықталған кемшіліктер бойынша тек ұйғарым беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады, – дейді бас маман.
Қызбек Талғатқызы бұйрыққа сай профилактикалық тексерулермен қамтылатын топқа қазіргі кезде 32 топтағы нысандардың қызмет ету түрлері ендірілгенін де қосты. Ол қоғамдық денсаулық сақтау комитеті тарапынан профилактикалық тексерулерге жататын нысандарды топтастыру бойынша бұйрыққа өзгерістер енгізу жұмыстары жүргізілуде, дейді.
Қоғамдық орындардағы ас-ауқатты қадағалаушы маманның айтуынша, қазіргі таңда кәсіпкерлерге кедергісіз жұмыс жасауы үшін базарлардағы тексерулер алып тасталынып, тойханалар мен мейрамханаларға жылына бір рет 15 күндік тексеруге уақыт беріледі. Ал 50 орыннан кем тамақтану орынын тексеру және тіркеу Жоғарғы прократураның рұқсатымен орындалатынын айтты.
– 50 орыннан жоғарғы нысандарды тексеру жоспарына біз қоямыз. Ол биыл 424-ті құрап отыр. Оның 200-ден астамы тойханалар. Жылына екі рет осындай жоспар бекітіледі. Оның тізімі қоғамдық денсаулық сақтау министрлігінің сайтына жарияланған соң, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне тіркелінеді. Міне, осы тізімдегі нысандарға жоспарлы түрде тексеру жұмыстары алдын ала көрсетілген мерзімге сәйкес жүргізіледі. Ол қоғамдық №186 санитарлық қағида нормасын негізге ала отырып, тексеру парағын талапқа қаншалықты сай екенін толтыру арқылы жүзеге асырылады. Егер талапқа сай келмеген жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылатын-ды. Алайда қазір тек ұйғарым береміз,-дейді Қ.Талғатқызы.
Қызбек Жекенованың айтуынша, көктемде балмұздақтан улану дерегінен кейін облыстағы шағын тамақтану орындарынан 156 нысанға тексеру жұмыстары жүргізіліп, оның 122-інің иелеріне 4,5 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған. Ал осындай профилактикалық тексерудің нәтижесінде шаһарда жыл басынан бері 50-ден астам кәсіпкер 3 миллон теңге айыппұл арқалаған. Санитарлық тазалық сақталмау, қызметкерлерінің медициналық анықтамасының болмауы тексеруде жиі кездеседі, – дейді мамандар.
Дегенмен биылдан бастап Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мен «Атамекен» ҰКП палатасы бірге кәсіпкерлердің басын қосып, семинарлар ұйымдастыруды қолға алды. Ал облыстық қоғамдық денсаулық сақтау мамандары қаладағы тамақтану орындарының әлі де толықтай есепке алынбағанын айтып, кәсіп иелерін аталған мекемеге тіркелуін сұранады. Дегенмен, мамандар тексеруге жатпайтын нысандар мен базарлардан, ашық немесе тазалыққа мән бермейтін дүңгіршектерден тағамдар алғанда мұқият болуды ескертеді.
Айта кетейік, облыстық денсаулық сақтау департаменті алдғаы уақытта Түркістан облысы және Шымкент қалалық денсаулық сақтау департаменті болып екіге бөлінбек. Бұл мәселе бүгінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде қаралуда.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.