Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы мамандарының айтуынша, 63 әйел маммологтың қабылдауында болып, 17 науқас ультра дыбыстық зерттеуден өткен. Сондай-ақ 3 науқастан цитологиялық тексеру үшін биопсия алынған.
Жалпы іс-шараның қорытындысында 3 науқаста қатерлі ісікке күдік және 11 науқастан қатерсіз ісік анықталды. Медицина мамандарының айтуынша, науқастарда диагностикаланған ісіктер ерте сатысында анықталғандықтан емдеуі оң нәтиже береді.
Өлім жағдайын азайтып, науқасқа дер кезінде көмек көрсетудің бірден бір жолы – ерте диагностикалау. Сондықтан ауруды ерте сатысында анықтау емнің оң нәтижесі мен науқастың сауығып кетуіне зор ықпал етеді, дейді мамандар.