Версия для печати

СОЛТҮСТІК САЯЖАЙҒА СУ ДА, ЖАРЫҚ ТА БЕРІЛДІ Избранное

Пятница, 16 Сентябрь 2022 05:58 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 925 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласы Солтүстік саяжай тұрғын алабында сапалы электр желісі іске қосылды. Тұрғындардың қуанышымен бөлісуге Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов келді.

159

 

—Шымкенттің 2025 жылға дейінгі кешенді даму жоспары қабылданған. Соған сәйкес, халықты ауыз су, сапалы электр қуаты, табиғи газ және жолмен қамтамасыз ету жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Әсіресе, шеткі шағынаудандарды инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге басымдық беріп отырмыз. Мәселен, осы Солтүстік саяжай тұрғын алабына өткен жылы ауыз су берілсе, міне, биыл электр желісі іске қосылуда. Қазір табиғи газ құбырлары да тартылуда. Оның құрылысы келесі 2023 жылы аяқталады, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Солтүстік саяжайда бүгінде 26 мыңнан астам адам өмір сүріп жатыр. Құрылыс жұмысы 2021 жылы басталған болатын. Мұнда 4 500-ден астам электр бағаналары және 70 трансформатор орнатылып, 198 шақырым электр желісі тартылған. Сондай-ақ, электр тарату станциясы да іске қосылды. Енді мұнда абоненттеу жұмыстары жүргізіледі.
Айта кетейік, халықты сапалы электр қуатымен қамту мақсатында 16 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қалада сапалы электрмен қамту көрсеткіші 98 пайыздан 99 пайызға дейін өседі.