Мұнда қазіргі таңда 7500-ге жуық тұрғын бар. Мектеп, балабақша, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория, спорт және балалар ойын алаңшасы, тағы да басқа әлеуметтік нысандар қарастырылған. Дегенмен, атқарылуға тиіс біршама жұмыс та бар. Солардың бірі – ұңғыма салу. Бұл өз кезегінде Тоғыс, Айнатас, Елтай елді мекеніндегі 11 мыңға жуық тұрғынды ауыз сумен қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды. Тоғыстан 73 метрлік су ұңғымасы қазылып, болат құбырлар салынуда.
Айта кетерлігі, бұл су ұңғымасы қосымша ретінде жаз айларында қолдану үшін керек. Қала әкімі тексеру барысында жұмыстың белгіленген мерзімнен кешікпей, сапалы орындалуына күш салу қажеттігін ескертіп, жауапты мекемелерден нәтижелі жұмыс көрсетуді талап етті.
Жалпы Тоғыс жұрты ауыз судан тапшылық көрмеген. Қамтылу көрсеткіші 98,5 пайызды құрайды. Сол сияқты электр жарығын тұтынушы көрсеткіші де – 99 пайыз. Биыл 11 абонентті жарықпен қамту үшін жаңадан бағаналар орнатылып, электр желілері тартылды. Табиғи газбен қамтылу көрсеткіші де 98% құрайды, тек жаңақұрылыс аумағындағы 31 тұтынушының мәселесін шешу үшін келесі жылы жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді.
Мұндағы жолдарға да баса назар аударылуда. Былтыр Ақмая мен Айыршық көшелері орташа жөндеуден өтсе, биыл 4 көшеге асфальт төселді. Жалпы мұнда 18 көше бар. Биыл С.Оспанов және
Мұнайбарлаушылар көшесі жарықтандырылды.