Ақпарат орталығының нөмірі – 41-75-03. Қала тұрғындары денсаулық сақтау саласына қатысты
сұрақтары немесе арыз-шағымдары болса, осы нөмір бойынша хабарласып, шағымдана алады. Орталықтағы білікті мамандар тәулік бойы қазақ және орыс тілінде сауалдарға жауап беріп, пациенттер мен
медицина қызметкерлері арасында кері байланысты қамтамасыз етеді.
Орталықты ашудағы мақсат медициналық көмекті ұйымдастыра отырып, сапасын арттыру, денсаулық сақтау саласындағы қызметтер туралы ақпарат берудің толықтығы мен қолжетімділігін арттыру саналады.
Орталыққа түскен шағымдар бойынша тоқсан сайын медициналық ұйымдардың рейтингтері
жасалады. Осыған сәйкес медициналық мекемелер жұмысының сапасын жақсарта отырып, халыққа дер кезінде сапалы медиициналық көмек көрсетуді жақсартуға болады.