Дауыс беру уақыты өзгерген жағдайда бұл туралы аумақтық комиссия сайлаушыларға алдын ала хабарлауға тиіс.
Шетелде жүрген қазақстандықтар да дауыс бере алады. Ол үшін Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің жанынан сайлау учаскесі құрылды.
«Белсенді сайлау құқығы бар, тиісті шет мемлекетте тұратын немесе жеке, қызметтік, оқу, іскерлік пен туристік мақсатпен жүрген ҚР азаматының жарамды паспорты бар азаматтар сайлауда дауыс бере алады. Олар сайлау учаскесі құрылған Қазақстанның дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне жүгінсе болады», – деп хабарлады Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі.
Шетелде де сайлау учаскесі жергілікті уақыт бойынша таңғы жетіден бастап ашық болады.