Спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында «Металлург» стадионын реконструкциялау, №12 спорт мектебі ғимаратына қосымша құрылыс және Бозарық шағынаудананда ауыр атлетика спорт кешені, «Медициналық колледжі» спорт залының құрылысы жүргізілуде.
Тағы бір айта кетерлігі, биылдың өзінде спорттық үйірмелерге жан басына шаққанда қаржыландыру арқылы 16 мыңнан астам бала қамтылды.
Жоғары спорттық жетістіктер бойынша қала спортшылары Қазақстан Республикасының, Азия, Әлем чемпионаттарында 688 алтын, 605 күміс және 641 қола медальдеріне ие болды. Ал футболдан әйелдер клубының «Шымкент – БИІК» командасы осы жылы да 11-ші рет ҚР чемпионы атанды.