– Асфальт зауыты қайта іске қосылғанға дейін уақытша жамау жұмыстары қарқынды жүргізілуі тиіс. Кәсіпорын ашылған соң орталық және ішкі орам көшелердегі ойықтарды асфальттауға кірісіңіздер. Жолдарды қайта қалпына келтіру жұмыстарын наурыз айының соңына дейін толық аяқтаңыздар - деді қала әкімі.
Қала әкімі жауаптыларға Полиция департаменті қызметкерлерімен бірлесе отырып, қала көшелерінде ауыр жүк көліктерінің козғалысына тұрақты мониторинг жүргізуді тапсырды. Мұрат Дүйсенбекұлы жолдағы көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасау үшін, ең алдымен, жол құрылысының сапасын қадағалау қажеттігін ескертті.