Әбілқайыр Бақытқалиұлы қысқы маусымға дайындық, санитарлық тазалық, көгалдандыру жұмыстарының барысынан хабардар етті.
Басқармаға қарасты қала аумағында 891 шақырым 443 магистральді көшенің санитарлық және механикалық тазалау жұмыстарын 5 мекеме атқарып отыр. Ал, қысқы қардан тазалау жұмыстарына 155 арнайы техника жұмылдырылмақ.
– Қазір қысқы маусым жұмыстарына дайындықты бастап кеттік. Алдағы қыс маусымына мемлекеттік-жекешелік әріптестік тарапынан 126 арнайы техника дайын, одан бөлек жеке кәсіпкерлердің 29 арнайы техникасын жалға алуға келісімшарттар түзілді, – деді Ә.Оңғар.
Сондай-ақ, қазіргі таңда орталық 10 көшеде көгалдандыру жұмыстары қарқын алған. Әл-Фараби ауданында 350 мыңға жуық, жалпы қала бойынша 1 млн түп бір жылдық қызғалдақ егу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қызғалдақ егу жұмыстары жыл сайын қазан айында атқарылады.