Версия для печати

ЗАМАНАУИ ТӘРБИЕШІ: ОЛ ҚАНДАЙ БОЛУЫ КЕРЕК? Избранное

Пятница, 23 Февраль 2024 08:33 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 745 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкентте балабақшалардың жас тәрбиешілеріне арналған форум өтті. «Ізденіс, тәжірибе, нәтиже» атты форумды қалалық білім басқармасының мектепке дейінгі білім беруді дамыту орталығы ұйымдастырды.

sadik

 

Форумды өткізудегі мақсат – тәрбиешілердің кәсіби шеберлігін арттыру. Көп ата-ананың балабақша қызметкерлерінің біліктілігіне, кәсіби шеберліктеріне көңілдері толмайтын бүгінгі кезеңде бұл өте өзекті мәселе деп ойлаймыз. Шымкент Жоғары педагогикалық колледжі ғимаратында жиналған жас педагогтер форум барысында қатысушылар мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу үдерісін жаңартудың түрлі аспектілерін талқыға салды. Жиында заманауи тәрбиеші қандай болуы керек дейтін мәселе қаралды.
Онда жас мамандардың күнделікті жұмысында кездесетін кедергілер мен оларды шешу жолдары да назардан тыс қалмады. Тәрбиешілер өздерінің кәсіби арсеналын байытуға ықпал еткен идеялар мен пікірлерді талқылауға мүмкіндік алды.
– №23 «Жеңіс» бөбекжай-бақшасының атынан форумға қатысып отырмын. Балабақшада 8 жылдан бері еңбек етіп келемін. Бүгінгі форумға өзге әріптестеріммен тәжірибе алмасуға келдім. Мұндай форумдардың бізге берер пайдасы мол. Заман талабына сай бала тәрбиесі де ғылыми-инновациялық әдістерді қажет етеді. Сол себепті педагогтер білімін тереңдетіп, бала тәрбиесінде жаңашыл көзқарасқа ие болуы қажет, – дейді форумға қатысушы Бағила Егенова.
Форум «Балаларды дамытудағы тиімді тәсілдер», «Ойын арқылы бала денсаулығын нығайту», «Балалардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін қолдау», «Ойын – ерте жастан оқыту мен тәрбиелеудің жүрегі», «Баланың ең құнды қасиеті – ойнау» деген 5 секциядан тұрды. Әр секцияда әдіскерлер бала тәрбиесі мен білім беруге қатысты өзекті тақырыптарда сөз сөйледі.
Аталған іс-шара – қаладағы мектепке дейінгі білім беруді дамыту жолындағы маңызды қадам. Тәжірибе алмасу, жаңа идеяларды талқылау және әдістемелік қолдау алу мектеп жасына дейінгі балалардың білім сапасы мен тәрбиесіне ықпал ететіні сөзсіз.

Абылайхан ОРАЗАЛИЕВ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.