Шымкентте аптаның сәрсенбісінде соққан желдің екпіні секундына 18 метрге жетті. Синоптиктер осылай деп хабарлайды. Алдын ала ақпарат бойынша, жел Ғани Іляев көшесінің бойындағы бір ағашты құлатқан. Абырой болғанда құлаған тал ешкімге залал келтірмеген. Ал тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары тұрғындардан қоңырау қабылдауда. Халық негізінен жел құлатқан бұталарды тазартуды сұрауда.