Версия для печати

Аймақтардың Астанаға Тартуы Избранное

Среда, 04 Июль 2018 05:03 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2938 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада еліміздің түрлі облыстары іске қосқан бірнеше нысанмен танысты. Бұл нысандар Елорданың 20 жылдығына орай, «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында ел игілігіне беріліп отыр.

0002

Алдымен Маңғыстау облысы қайта жөндеуден өткізген қалалық Достық үйін аралап көрген Президент Елорданың этно-мәдени орталықтарының өкілдерімен және Маңғыстау облысының көрнекті қоғам қайраткерлерімен әңгімелесті.
Мемлекет басшысы бұдан кейін Алматы облысы қайта жөндеуден өткізген «Жетісу» саябағына барды. Саябақта Алматы облысының көрнекті орындарының барлығы көрініс тапқан, кіре берісінде Жетісуді бейнелейтін жеті арка, субұрқақтары бар басты аллея орналасқан, сондай-ақ тау сілемдерінің көрінісі және киіз үйге ұқсас орын-жайлары бар «Апорт» алаңы, түрлі жастағы балаларға арналған «Тенгри» алаңы, шаған аллеясы, «Тамғалы тас» петроглифтері бейнеленген тастар және Шарын шатқалының үлгісі бар.

001

– Бүгінде барлық облыстар көмек көрсетіп, қолдау білдіріп жатыр. Өйткені, Астана – бүкіл Қазақстанның жетістігі. Бас қала құрылысына өңірлердің бәрі атсалысты және қазір мұнда еліміздің әр түкпірінен келген адамдар өмір сүреді. Біз ХХІ ғасырда ғаламат дүниені бірге жасадық. Адамзат тарихында мұндай қалалар ешқашан 20 жылдың ішінде салынбаған. Ал, біз салдық! – деді Қазақстан Президенті.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев қаланың Алматы ауданында орналасқан «Жерұйық» саябағын аралап көрді. Онда Елбасыға 19 жыл бұрын өзі отырғызған алғашқы ағаш көрсетілді.
Президент аралаған келесі нысан - Есіл өзені арқылы өтетін велосипедшілер мен жаяу жүргіншілерге арналған көпір. Көпірді және велосипед инфрақұрылымын «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Атырау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақмола және Жамбыл облыстарының әкімдіктері салған.Сонымен қатар, Астана қаласының әкімі Ә.Исекешев Нұрсұлтан Назарбаевқа жалпы ұзындығы 56 шақырым болатын велосипед көлігінің инфрақұрылым нысандарын таныстырды. Велосипед жолы Есіл өзенінің бойы мен сол жағалауы және ЭКСПО кешенінің нысандары арқылы өтеді. Ол қалалық саябақтағы шаңғы және роликке арналған жолдар мен Ильинка кентінен «жасыл белдеу» арқылы өтетін велосипед жолақтарын байланыстырады.
Мемлекет басшысы бұдан кейін Қызылорда облысы салған зымыран-ғарыш техникасы музейінің ашық экспозициясын аралап көрді. Мұнда Елбасыға ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің мүмкіндіктері таныстырылды. Мемлекет басшысы ғылым мен жаңа технологияларды дамыту ісіндегі ғарыш өнеркәсібінің маңыздылығын атап өтті.Елорданың жаңа нысандарының арасында қаланың сол жағалауында орналасқан Ботаникалық бақ та бар. Бақыт аралаған Қазақстан Президенті «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының өкілдерімен әңгімелесіп, бас қаланы және бүкіл Қазақстанды көгалдандыру үшін жүргізілген жұмыстардың маңыздылығын атап өтті. Елбасы Ботаникалық бақтың ортасында орналасқан оранжереяны аралап көріп, оны отандық және халықаралық мамандандырылған институттардың ғылыми әлеуетін пайдалана отырып әрі қарай дамыту қажеттігін айтты. Сондай-ақ, Қазақстан Президентіне Ботаникалық бақтың сәнін келтірген, жарық шашқан музыкалы субұрқақ таныстырылды. Оны «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысы салған.
Нұрсұлтан Назарбаев сөзінің соңында барлық облыс басшылығы мен құрылысшыларға ризашылық білдірді және шараға қатысушыларды алдағы Елорда күнімен құттықтап, бақ-береке тіледі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.